Ащы шоколадты жақсы көруге 5 себеп

Oinet.kz 17-12-2015 1191

Жақсы жаңалық: ғалымдар күнде шоколад жеуге кеңес береді. Жаман жаңалық: дәрігерлер нағыз шоколад оның ащы түрі екендігін жиі айтады. Шоколадтың құрамында қаншалықты какао көп және қанты аз болса, оның денсаулыққа пайдасы соншалықты көбірек болады.

image.png 

1. Шоколад миды жұмыс істеуге мәжбүрлейді Бұл мақсатта бірден бірнеше пайдалы заттар жұмыс атқарады: олифенолдар қанмен қамтамасыз етуді, фенилаланин еске сақтауды жақсартса, теобромин және кофеин жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Сабақта немесе жұмыста қара шоколадтың бір бөлігінің өзі бір кесе кофеге қарағанда жақсы көмектеседі. 

2. Шоколадта көк шайға немесе алмаға қарағанда көбірек антиоксиданттар бар Антиоксиданттар бос радикалдармен күреседі. Бұл бөлшектер рактың, атеросклероз, Альцгеймер ауруларының, диабет және басқа да 50 қауіпті аурулардың дамуына ықпал етеді. 

3. Шоколад көңіл күйді көтереді Фенилалалинадан басқа, какао-бұршақтар күйзелісті төмендететін және көңіл күйді көтеретін көптеген заттарды құрайды. 

4. Жүрек-қан тамырлар ауруларымен күреседі Ғалымдар 50 жастан 64 жасқа дейінгі 55 мың адамның тамақтануын бағалаған. Нәтижесінде, күніне 30 гр шоколадты уақытылы жеген адамдар жүрек соғуының ырғақсыздығымен сирек ауыратындығын байқаған. Оларда жүрек ауруы болуының қаупі 30%-ға төмен және инсульт қаупі 25%-ға аз болып келеді. 

5. Шоколадпен жөтелді кетіруге болады Ғалымдар шоколад жөтелді тоқтататынын дәлелдеген. Бұл айтылғандардың бәрі ащы әрі қара шоколад болғанда ғана өз нәтижесін береді. Кез келген өнім секілді ащы шоколадта да қарсы көрсетілім бар: - Оны балаларға, ұйқысы бұзылған және жоғары қысымды адамдарға болмайды; - Ащы шоколадты мысыққа немесе итке беруге болмайды. Какао құрамында метилксантин және теобромин  бар – бұл заттар жануарларға улы болып келеді; - Күніне 30 грамнан артық шоколад жеудің қажеті жоқ. Себебі, оны көп мөлшерде жесеңіз, ұйқысыздыққа, қыжылға және жоғары артериялық қысымға әкеліп соғады.

Дереккөз: massaget.kz

Тіс қайрау ауру ма, әлде әдет пе?
Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу