Гвинеяда Эбола індеті таралып жатыр

Oinet.kz 15-02-2021 926

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Эбола.jpg

Билік мәліметінше, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.

- Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды, - делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.

Жалғыздық министрлігі құрылмақ
Бүгін Шәкен Аймановтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу