Президентті тақтан тайдырған журналистер

Oinet.kz 17-12-2014 1472

image.png

Фотода: Боб Вудворд және Карл Бернстайн 

БАҚ -  билік институтында төртінші билік болып саналады. (Бұл атауды алғаш рет 1980 жылы Француздың атақты жазушысы Оноре де Бальзак берген болатын.) Соның ішінде әсіресе журналистік зерттеу жанры қоғамға, саясатқа ықпалы өте күшті. Журналистік зерттеудің әлеуметтік жауапкершілігі – қарапайым халықты, әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін топты, саяси тұрақтылықты, әділдікті, заң мен тәртіпті, жазықсыз жала жабылғандарды, әділетсіздіктің құрбаны болғандырды қорғау болып табылады. Бальзактан бұрын БАҚ-тың, журналистік зерттеу жұмыстарының қоғамдағы рөлі өте күшті екенін, оның билікке де ықпалы барын, тіпті президенттің өзін де тақтан тайдыруға болатынын дәлелдеген америкалық екі журналист бар. Олар «Вашингтон пост» газетінің тілшілері: Боб Вудворд пен Карл Бернстайн. Қатарда жүрген қарапайым тілшілердің журналистік зерттеулері 1972 жылғы 17 шілдедегі  «Уетергейт оқиғасы» деген атпен тарихта қалған Америкадағы саяси оқиғадан басталған еді. Сол кезеңдегі АҚШ президенті Ричард Никсон екінші рет президенттік сайлауға қатысуға мүмкіндік алып, дайындық үстінде жүрген кезі. Сайлауға төрт ай қалғанда 1972 жылдың 17 шілдесінде Вашингтонда орналасқан Уетергейт бөліміне белгісіз бес адам жасырын кіріп, демократтардың құжаттарын фотоға түсірумен және жасырын тыңдау аппаратын қондырған  қылмыстары үшін құрықталады. Тез тараған жаңалықтан кейін Никсонның әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысы бар деген күдікпен лезде тергеу жұмыстары басталып, қылмыстық іс сотқа да жетеді. Тамыз айында Никсонның жұмыс бөлмесін тінту нәтижесінде табылған көмекшілерімен болған әңгімелері жазылған пленканы айғақ ретінде мойындамай қояды. Керісінше бас прокурор Ричардсонға осындай сұрақтарды қойғаны үшін прокурор Коксаны жұмыстан қууын талап етеді. Осылайша елді басқарып отырған азамат өзіне тағылған айыптардың бірде-біреуін мойындамай «ұзын қолдарымен» бар қылмысын жасырып, екі ортада бар қылмысты ұйымдастырушы Ақ үйдің кеңесшісі Говард Хант кінәлі болып, 33 ай темір тордың ар жағында өткізеді. Ерте ме кеш пе әйтуір қылмыстың  беті ашылары сөзссіз. Бірақ бар шындық Никсон президент болып сайланғаннан соң екі жылдан кейін барып ашылады. 

Қылмыскерлер ұсталғаннан кейін екі ай өткенде The New York Times газетінің репортері Роберт Смит ҰҰҚ-нің директоры Патрик Грейден құпия ақпарат алады. Грейдің айтуынша бұл қылмысқа бұрынғы бас прокурор Джон Митчелдің қатысы барын және мұның артында «Ақ үй» тұр екен.  Роберт Смит жедел ақпаратты бас редакторы Роберт Фелпске айтады. Ал өзі басқа жұмыстарымен Иельдегі мектепке кеткендіктен бұл жұмысқа қайтып араласпайды. Фелпс барлық дәлелдермен мәліметтреді The New York Times газетінің Вашингтондағы бюроға тапсырып, Аляскаға жолсапарға аттанып кетеді. Алайда бұл жұмыс қараусыз қалып, ақпараттар сол күйі жасырын қалып кояды. Өзінің естеліктерінде Фелпс неліктен әлгі ақпараттардың газет бетіне жарияланбай қалғанын әлі күнге дейін білмеймін дейді. Бірақ Никсонның заңсыз әрекеттеріне көз жұма қарай алмағандар істі аяқсыз қалдырмайды.   

«Журналистік зерттеу» жанрының классикалық үлгісін көрсеткен Боб Вудворд пен Карл Бернстайн шырмаланған қылмысты ашуға бел буады. Екі журналист те өзге журналистер тәрізді алғашында бұл мәселенің соншалықты күрделі екенін аңғарған жоқ, бұл әдеттегідей қылмыстық репортаж деп есептеді. АҚШ-тың демократиялық партиясының штаб пәтерінде телефон әңгімелерін тыңдау қондырғыларын орнату үшін жасырын кірген бес адамның қылмысының соты болады. Оған қатысқан «Washington Post» газетінің журналисі Боб Вудворд танымал заңгерлердің бірі тыңдалым барысының бір арнаға бұрылуына қатты қызығушылық танытқанын байқап қалады. Осыдан бастап Вудворд «неге?» деген сұрақтың жауабын қазбалай бастайды. Одан жанына Карл Бернстайн қосылып, екеулеп кіріседі. Зерттей келе айыпталып отырғандардың бірқатары ҰҚҚ – да қызмет еткендіктері анықталады. Сондай-ақ қамауға алу кезінде бір қылмыскердің қойын дәптерінде Ақ үй қызметкерінің телефоны жазылған болып шығады. Осы кішкентай детальдардан бастау алған журналистік зерттеу қоғамда үлкен резонанас туғызды. Олар барлық айғақтамалар мен дәлелдерді жинап, бір күннің ішінде оқиғаның бар құпиясын газетке аймандай етіп жариялап жіберді. Бұл АҚШ-тың халқы үшін де, өзге  мемлекеттер үшін де және президенттің өзіне де күтпеген сенсациялық жаңалық болды. Газет бетіндегі жаңалық шартарапқа таралып, су түбінде жатқан ақиқат екі жыл дегенде су бетіне қалқып шықты-ау әйтеуір. Айта кетерлік бір жәйт, екі журналистке жасырын ақпарат беріп тұрған «Глубокая глотка» деген лақап атты адам болған. 30 жылға жуық  ақпарат берушінің кім екенін Боб, Карл және «Вашингтон пост» газетінің сол кездегі редакторы Бен Брэдлиден басқа ешкімде білген жоқ. «Глубокая глотка» -  Никсонның бар құпиясын білетін, жанында жүрген адам екенінінен көбісі сезіктенгенімен нақты кім екенін анықтай алмады. Ол ақиқат түгел халыққа мәлім болғанша екі тілшіге бар білгенін жеткізіп, зерттеу жұмыстарына ат салысып жүрді. Алғаш бірігіп жұмыс жасау барысында Вурворд пен Бернстайн құпия адамға  кім екенін тек ол өлгеннен соң немесе өзі рұқсат бергенде ғана жария етеміз деп сөз берген көрінеді. Аса құпия болған бұл персонаж араға 30 жылдай уақытты салып мәлім болды. «Венити Фэр» журналы сыр сандықтың аузын ашқанын хабарлады. Жылдар бойы белгісіз боп келген «Глубокая глотка» лақап аттының ҰҚҚ директорының бұрынғы орынбасары Марк Фелт екен. Журналға берген сұхбатында ол өзі де және қарт екі журналист те ақпараттың рас екенін айтып, сол кезеңдегі оқиғаны тағы да бір еске салып өткен.

Дәл осы елді шулатқан жаңалықтан кейін АҚШ-тың 37-ші президенті Ричард Никсон ел билеу уақыты бітпей, көзі тірісінде  өз еркімен 1974 жылдың 9-тамызында орнын босатты. Бұл АҚШ-тың тарихында алғаш кездескен құбылыс еді. Олай етпеске басқа амалы қалды ма оның?  Оның орнын жаңа вице-президент Джералд Форд басты. Сірә, Ричард Никсон «Қару шығаруға он доллар салғанша, баспасөзге бір доллар жұмсаған тиімді» деген қанатты сөзі басынан өткен оқиғадан кейін толғанып айтқан сөзі болса керек. Осылайша шындықтың түбіне жеткен олар журналистік зерттеу мен БАҚ арқылы аты шулы АҚШ президентінің өзін тақтан тайдыртты. 1973 жылы екі журналист те сәтті жүргізген зерттеулері мен қаһармандық еңбектері үшін америка журналистика әлеміндегі ең мәртебелі атақ Пулитцеровская сыйлығын иемденді. 

​Психологиялық тест: қай сәндік құралды таңдайсыз?
Аптаның қай күні дүниеге келгеніңізге қарап мінезіңізді таныңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу