Некені бұзатын негізгі жеті себеп
08-04-2021
Ғалымдар қытықтаған кезде адамның шошынуы немесе қорқуы табиғи құбылыс екенін, ол біздің бойымызға ата-бабамыздан қан арқылы келгенін айтқан. Бұл қабілет оларға жәндіктерден қорғануға мүмкіндік берген. Жәндіктер шағып алса, талай қиындыққа душар боламыз. Кейбіреуі тіпті улы болуы мүмкін. Ал, қытық адамдарға жылдам әрекет етіп, қорғануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғалымдар қытықтаған кезде адамдардың бірдей жауап қататынын аңғарған. Бірақ, күлкінің ұзақтығы олардың терілерінің сезімталдығымен байланысты. Әсіресе, балалардың терілері 5 есе нәзік әрі жұқа болғандықтан, олар өте сезімтал келеді. Жаңа туған балаларды кейде қытықтап отыру керек. Өйткені, күлкі рефлексін қалыптастырады. Осылайша, ол күлуді үйренеді. Қытықтау жүйке жүйесіне үлкен күш түсіреді, ал күлкі сол күшті әлсіретеді деген болжам да бар. Сондықтан, қытықтаған кезде адам еріксіз күліп, жүйке жүйесінің жұмысын жеңілдетеді.
Дереккөз: massaget.kz