Некені бұзатын негізгі жеті себеп

Oinet.kz 08-04-2021 700

некее.jpg

1.ӘҢГІМЕЛЕСУ

Жеке әңгімелесу отбасының тірегі. Ерлі-зайыптылардың арасын жақындатуына, бір-бірін дұрыс түсінуіне жағдай жасайды. Ондай әрекет болмаса,демек бұл сүйіктілердің арасы суып жатқанын білдіретін бірінші белгі.

2.КЕКЕТУ

Әрдайым кекетіп,қалжыңдасу ерлі-зайыптылардың арасын суытып алыстатады. Ешбір отбасы сақталмайды. Егер де олардың негізгі әңгімелері кекетіп қалжыңдасу арқылы орын алған болса. Кекетудің ең қауіпті түрі ол адамдардың ортасында сүйген жарын кекетіп, ренжіту.

3.НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ

Немқұрайлылық – отбасын құртатын негізгі қару. Немқұрайлылық күйеуі мен әйелі бір-біріне жақсы үйреніп қалған сәттен басталады. Олар әрқайсысы жеке басын ойлап, өз жағдайын ойлап жүреді.

4.ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА

Көп уақытты әлеуметтік желілерде өткізу отбасының жоқ болып кетуіне себепші. Тіпті ерлі-зайыптылардың күнделікті ұрыс-керісі әлеуметтік желіге байланысты.

5.АЛДЫҢҒЫ ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІКТЕРІН АЙТУ

Кемшіліксіз, қателік жасамайтын адам болмайды. Әр кезде оны еске түсіру ұрысқа себеп болады. Алдыңғы болған нәрсені өзгерту мүмкін емес, сондықтан өткенді еске алып сіз тек болашақты кұртып аласыз. Қателігін кешірген болсаңыз, демек, ол қателігін де ұмытыңыз. Қайталап еске түсіру дұрыс емес.

6.СҮЙГЕН ЖАРЫН ӨЗГЕРТУГЕ ТЫРЫСУ

Біз білеміз, өзгеру өте қиын екенін. Кейде біз өзіміздің жаман қасиеттерімізді өзгерте алмаймыз, бірақ сүйген жарымызды өзгертеміз деп теріс әрекетке әкеп соқтырамыз. Егер біз баста оны таңдап тағдырымызды қосқан болсақ, демек, біз оны барлық жақсы-жаман қасиетімен қоса қабылдадық. Жиі оны өзгертемін деп себеп жасау араларыңызды алыстатады.

7.СЕНІМСІЗДІК

Ерлі-зайыптылардың ара қатынасындағы ұрыс-керіс тудыратын кең тараған себептердің бірі- сенімсіздік таныту. Ерлі-зайыптылар бір-бірінен анық себебі болмаған істерден күмәнданады. Сенімсіздік - татулықтың жауы болып келеді. Сенімсіздік, күмәндану, артық қызғану келешекке жақсы мақсат қоюға кедергі болады.

Отбасының ыдырауына басқа да көптеген себептер өте көп. Сондықтан Алладан пана тілеп, теріс әрекеттерден қашып сақтану керек!

Тарихтағы ең бай адамның өмірден тоқыған маңызды 20 сабағы
Үлкеннің жолын кеспе! (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу