Беттегі пигментті дақтар неліктен пайда болады?
Ағзадағы түрлі өзгерістерге байланысты бет терісінде кішкене қоңырқай реңктегі дақ түседі. Бұл – пигментті дақ. Көптеген адамдар үшін комплекс тудырады. Ішек жұмысының ретсіздігі, горманалды өзгеріс, бүйрек пен бауырдағы өзгеріс бетке дақ түсуіне негізгі себеп болады.
Пигментті дақтың пайда болу себебін анықтау үшін дерматолог маман немесе гинеколог, эндокринолог, гастроэнтерологтың көмегі керек болуы мүмкін.
Күн сәулесінің әсері
Балалық шағынан сепкілдері бар кез-келген адам біледі: тек көктемгі күн сәулесі әсерінен бетте дақтар көбейіп, айқын айқалады. Бұл ультракүлгін сәуленің әсері. Ол теріге еніп, меланин синтезін белсендіреді. Сондықтан, тотығу пайда болады. Егер адамға сәуле тым көп түссе, онда күйіктер мен гиперпигментация пайда болады.
Гормоналды өзгеріс
Жыныстық гормондардың ауытқуы меланиннің белсенділігіне әсер етеді. Сондықтан жүкті әйелдер бетіндегі гиперпигментациядан зардап шегеді. Менопауза кезінде қартайған теріде пигменттер байқалады.
Тұқым қуалаушылық
Меланиннің белсенділігі генетикалық бейімділікке ие. Егер ата-аналарда дақтар көп болса, онда балаларда қайталануы мүмкін.
Стресс
Жүйке күйзелістерінің әсерінен ағзада зат алмасудың бұзылуы мен салдарынан пигментт пайда болады. Оның ішінде тері саулығы да бар.
Жарақаттар
Сынықтардың, ұзақ емделмеген жаралардың, күйіктердің және кәдімгі дұрыс сығылмаған безеулердің орнында түссіз тері немесе көкшіл дақтары пайда болады.
Авитаминоз
А және Е дәрумендерінің болмауы терідегі метаболикалық процестерді бұзады. Бет терісінде түссіз немесе гиперпигментті аймақтардың пайда болуына әкеледі.
Дұрыс емес күтім
Фотосенсибилизаторлармен құрамында спирті бар лосьон немесе кремді қолдану меланоциттердің гиперактивтілігін тудырады. Сондықтан кешенді күтімді дерматолог әр адам үшін жеке тағайындайды.
Суреттер ашық дереккөден алынды