Ұйқыны бұзатын 10 себеп
Түнгі ұйқының бұзылуы талай адамды мазалап жүргені мәлім. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқысыздықтан құтылудың жолдарын ұсынғалы отырмыз.
✅ 1. Жарық сәуле
Егер жарық сәуледен қорғанбаған мекемеде ұйықтамақ болсаңыз, онда сіздің ағзаңыз ұйқыға кете алмайды. Ол кезде жапқыштарды жауып, білте шам пайдалануға тура келеді. Жатар алдында компьютер мониторын қосулы қалдырмаңыз.
✅ 2. Алкоголь
Ащы суды жиі тұтынатын адамдардың ұйқы гормоны бұзылады. Егер алкогольді қойса, бәрі реттеледі.
✅ 3. Кофеин
Кофе мен шайды көбіне таңертең ішкен дұрыс. Түнде ішкен кофе сізді тәтті ұйқыңыздан айырады.
✅ 4. Күндізгі ұйқы
Түскі асқа тойып алғаннан кейін бірер сағат ұйқыға кететін адамдарды ұйқысыздық мазалайды. Сондықтан бұл ауруға тап болмау үшін күндізгі ұйқыны қысқарту керек.
✅ 5. Спорт
Физикалық жаттығулармен уақытымен, мөлшерімен айналысқан абзал. Ал кешке қарай жаттығу залына барып, жүгірудің қажеті жоқ. Ол сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
✅ 6. Ыстық бөлме
Егер терлесеңіз, ұйықтау қиынға соғады. Ол үшін жатар алдында бөлмеңізді желдетіп алып, температурасын қадағалаңыз.
✅ 7. Түнгі өмір салты
Егер күнде кеш жатып, кеш тұрсаңыз, онда сіздің биоритміңіз бұзылады. Ал ол өзіңізді сергек ұстауға кедергі келтіреді.
✅ 8. Айқай-шу
Өзге жандардың айқай-шуы ұйқысыздыққа әкеліп соқтырады. Абыр-дабыры көп көршілерге не істеу керектігін білесіз...
✅ 9. Ғаламторға тәуелділік
Әлеуметтік желілерді ақтара беру де тыныш ұйқыңызды бұзады. Өзіңізді ұялы телефонсыз ұйықтауға үйретіңіз.
✅ 10. Кешкі ас
Кешкі асқа жеңіл-желпі тағамдар жақсы екенін білесіздер. Сондықтан тамаққа тойып алып, ұйқыға кетуге болмайды.