Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Медицина тарихында адам асқазанынан алынған ең ауыр зат – шаш екен. Әйелдің асқазанынан алынған шаштың салмағы бақандай 2,35 келіге жеткен. Медицинада расымен де осындай ауру түұрі кездеседі. Адам шашты жейтін ауру «трихофагия» деп аталады. Көбінесе трихофагия – «трихотилломания» деп аталатын аурудың сирек симптомы. Науқастар өзінің басынан немесе денесінің басқа бөліктерінен шашты жұлып, оларды жейді.
Бұл аурудың салдары өте ауыр болуы мүмкін, егер дер кезінде ауруды анықтамаса және шаралар қабылдамаса, науқас өліп кетуі де ғажап емес. Шаш жеу іштің ауырсынуына, асқазан-ішек жолында шаш жиналуына әкеп соқтырады. Трихофагиямен ауыратын науқас дер кезінде психолог мамандарға қаралмаған жағдайда, ісі хирургқа түсіп жатады.