Ер мінезді әйелдер табысқа жете ала ма?

Oinet.kz 22-11-2019 1280

Коко Шанель 1883 жылы Сомюрде дүниеге келді. Өз есімі – Габриель Бонер Шанель. Шанель сән әлемін бір мезетте танымастай түрлендіріп, өзгерткен әйгілі модельер. Габриель жұртқа өзінің 1893 жылы туғанын айтып, сендіруге тырысатын. 12 жасында анасынан айырылып, әкесі оны бауырларымен тастап кетеді. 18 жасында киімсататын дүкенге сатушы болып жұмысқа тұрады. Бос уақытында кафеде ән айтады. Оның сүйікті әндерінің бірі - "KokoRiko" еді, сондықтан жұрт оны Габриель емес, Коко деп атап кетті. Ән айтуға талабы зор болмаған. Бірде кафе қонағы Этьен Бальзан атты офицер Кокоға деген сезімін білдіреді. Габриель сол кісінің Париждегі үйіне көшеді. Алайда, көп ұзамай ағылшын кәсіпкері Артур Кейпельмен кетіп қалады.

Screenshot_12.jpg

Коко алғашқы дүкенін 1910 жылы Парижде ашып, бас киімдер сатудан бастаған. Әйгілі Chanel #5 әтірін Ресейден келген Эрнест Бо есімді эмигрант шығарған еді. Ол Кокоға 20 шақты иіс ұсынып, соның бірін таңдатқызды. Шанель бесінші нөмірдегі иісті ұнатты. Содан бері ол бесінші Шанель аталып, әлемдегі ең танымал әтірлердің бірі болып келеді. Жиырмасыншы ғасырдың сән әлемін өзгерткен Шанель ұзын көйлек, тырысқан блуза мен корсетті ұнатпайтындықтан, ерлер сәніне қызығып, әйелдер киімін түрлендіре бастады. Кішкентай қара көйлек сәнін де Коко Шанель енгізген еді. Қыз-келіншектер көйлекті тек кеште емес, кез келген жерде, кез келген уақытта киюге болатынын айтып, танымал етті. Халық бұл тенденцияны Шанельдің көлік апатында қайтыс болған сүйіктісі Артурды жоқтау мақсатында тігілген киім деп түсінді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Шанель немістерге көмектесті деген айыппен тұтқындалған еді. Уинстон Черчилльдің кеңесімен Коко тұтқыннан босатылып, Швейцарияға айдалды. 

1954 жылы Коко Шанель сән әлеміне қайта оралды. Бұрынғы танымалдылығы мен халық құрметінен айырылған Габриельге қайта орнығу оңай болған жоқ. Дәл осы кезеңде твид матадан тігілген костюм, киімдер, әдемі көйлектер, жағасы жоқ жакеттер, жасанды қалталар мен алтынмен қапталған түймелер подиумда таныстырылды. 1950−1960 жылдары Одри Хепберн, Лиз Тэйлорсияқты Голливуд жұлдыздарын киіндірген. 1971 жылы Габриельдің жүрегі ұстап, 87 жасында өмірден қайтты. 

Коко Шанель − өмірдің сан түрлі қиындықтарын өткергенімен, жұртқа көз жасын көрсетпеген жанның бірі. Ауыр кезеңнен басын имей өтіп, жалғыз өмір сүрген әйел. Жастайынан жауапкершілікке үйренген, ер мінезінің арқасында 87 жас жасап, табысқа жетті. Коко Шанель – ғасырлар өтсе де сән әлемінде аты өшпейтін адам.

​Гондураста балық жауады
Шынайы оқиға желісімен түсірілген «Қазбат» фильмі жайлы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу