Шынайы оқиға желісімен түсірілген «Қазбат» фильмі жайлы қызықты деректер
Тарихи оқиға негізінде таспаланған картина Қазақстан Республикасы тәжік қақтығысында бітімгершілік миссиясына қатысқан 1995 жылдың көктемінде болған оқиғалар туралы баяндайды.
7 сәуір күні Пшихавр шатқалында Қазақстанның ішкі әскерлерінің жетінші жиынтық ротасы тосқауылға тап болып, шектес жағынан содырлармен тең емес соғысты қабылдады. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қаза тапқан 17 жауынгерлердің бесеуі қайтыс болғаннан кейін екінші дәрежелі «Айбын» ордендерімен, он екі азамат – «Әскери ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, олардың барлығы қайтыс болғаннан кейін бірінші дәрежелі «Қызметтегі үздіктік үшін» ресейлік медалімен марапатталған.
Фильм жайлы қызықты деректер:
Әскери драма жанрында түсірілген кино картинаның продюсері Данияр Ибрагимов;
Идея авторы: Руслан Жақсылықов, Мұхаметқали Сатов;
Сценарий авторы: Сергей Литовченко;
Режиссері: Аскар Узабаев;
Қоюшы-оператор: Максим Задарновский;
Фотограф: Азамат Букеш;
Каскадер: Жандос Айбосұлы;
Фильм ұзақтығы: 1 сағат 38 минут.
«AYU Cinema» кинокомпаниялары мен «Қазақстан» телеарнасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен бірлесіп жасалған туынды қазақ тілінде түсіріліп, кейіннен орыс және ағылшын тілдеріне аударылған.
Фильм барысы Азамат есімді жауынгердің Қазақстанның Көк Туын алып шығып, оны атыста қаза болған серіктерінің бетіне жапқан сюжетінен басталады.
Төрт жігіттің қилы тағдырларын шынайы әрі үлкен жауапкершілікпен сомдаған Ринат Дошибек, Дәурен Серғазин, Халық Рахат, Дияс Мырзахметті - Генерал-майор Сатов Мұхамедқали «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының Патриоты» медалімен марапаттады.
Телевизиялық нұсқасы "Qazaqstan" телеарнасында 2020 жылдың 7 сәуірінде – шайқастың 25 жылдығына орай көрсетіледі деп жоспарлануда.