Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемде сөзбен айтып жеткізе алмайтын, сырға толы әсем де таңғажайып жерлер көп. Соның ішіндегі ең ерекше құбылыстарды оқырмандарымызға қызық болар деген оймен ұсынып отырмыз. Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен болып есептеледі. Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады...
Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді екен. Кататумбо найзағайы – бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде-бір дыбыссыз шығарады. Найзағай шамамен жерден 5 шақырым биіктікте пайда болады. Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет жерге түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл сол өзеннің сағасында байқалады екен.