Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Гипотермия немесе дененің суынуы 28 °C-тан төмен температурада болса, қарапайым адам өліп кетуі ықтимал. Мұндай қауіпті жағдайда ұзақ уақыт болу адамда алдымен қимыл-қозғалыс және психикалық белсенділіктің, тамыр соғу мен тыныс алу жиілігінің баяулауына, содан кейін ішкі ағзалардың істен шығуына және ақырында мидың істен шығуына әкеледі. Десе де, кейбір адам сенгісіз жағдайларда одан да төмен температурамен аман қалғандар бар.
Дәл сондай рекорд мұхитқа батып кеткен 7 жасар швед қызына тиесілі. Алғашында, қыз ауруханаға жеткізілген сәтінде оның дене температурасы 13°C-ты көрсеткен. Дәрігерлердің айтуынша, 7 жасар қыз өзінің жасына байланысты аман қалған, себебі енді жетіліп келе жатқан ми мұндай қиындықтарға жақсы төтеп береді.