Ұлы өзен - Ніл
Ніл ұлы өзен. Оны Африкалықтар киелі деп санайды. Тіпті, алғашқы адамның сүйегі де осы Ніл бойынан табылған.
Өз бастауын орталық Африкадағы Руандадан алатын Ніл өзені шынында ұлы. Ол ұлан- ғайыр аймақты алып жатқан 9 мемлекетті басып өтіп, сағасында тұратын 200 миллион адамның күнкөрісіне айналған.
Ніл өзені теріс ағады. Ол Африкадағы басқа өзендер секілді солтүстіктен оңтүстікке қарай емес, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан жалғыз су айдыны.
Әйтпесе, Африканың экваторлық бөлігінде Конго өзені секілді қаншама ірі өзендер бар. Олар оңынан ағуда. Жалпы, Ніл өзенінде қолтырауындар ең көп мекен етеді. Ніл қолтырауындары бір жылда шамамен 200 адамды жейді екен.
Айтпақшы, 2009 жылға дейін Ніл әлемдегі ең ұзын өзен ретінде белгілі болды. Оның ұзындығы 6852 шақырым болатын. Алайда, ұзақ уақыт зерттеу жүргізген ғалымдар жер бетіндегі ең ұзын өзен Ніл емес, Амазонка өзені деген тоқтамға келді.
Өйткені, Амазонканың соңғы өлшемі 6992 шақырым болған. Заманауи құрылғылар бойынша жердің топографиялық картасының нақты нұсқасы 2009 жылы жасалған еді...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан