Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1859 жылы Австралияға Том Остин деген Ағылшын азаматы кемемен 24 жабайы қоян апарады. Сол жылы ол қояндарды жергілікті саябаққа жібере салады.
Алайда, Том Остин араға 50 жыл салып, сол өзі апарған 24 қоянның 600 миллион қоян болатындығын білмесе керек.
Тіпті, көбейген кейін қояндармен күрес жөнінде үкімет деңгейінде комиссия құрылып, оған қарсы нақты шаралар қабылданған. Әйтпесе, 600 миллион қоян Австралияның ауыл шаруашылығы саласына орасан зор шығын келтірген екен.
1920 жылдан бастап, Австралияда ұзындығы 3260 шақырым болатын қоршау салынды. Ол континенттің арғы басынан, бергі басына дейінгі жерді алып жатыр. Мақсат, қояндардан қорғанып, елдің екінші бөлігіне оларды өткізбеу болатын.
Алайда, бұл қоршау да нәтиже бермегендіктен ғалымдар қоянды тіл тартпай өлтіретін вирус ойлап тапты. Осының арқасында 600 миллион қоян саны 100 миллионға дейін қысқарып кетті.
Бірақ, 1991 жылы Австралиядағы қоян саны қайта 300 миллионға жеткені хабарланды.
Бүгінгі таңда оның саны нақты бақыланып отырады. Алайда, 1859 жылы Австралия жеріне әкелінген 24 қоянның 1910 жылы 600 миллионға жеткені таң қалдырады.
Ал, оны сол кезде шектемегенде қазір Австралияда 6 миллиард қоян жүрер еді дейді ғалымдар. Ал, Том Остин мұнда әкелмейінше Австралияда бір бас қоян болмаған...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан