Ұсқынсыз көкөністер
АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами Шорс елді мекенінде тұратын, өз ауласында 17 жылдан бері бау-бақша, жеміс, көкөніс, ағаш өсірумен айналысатын ерлі-зайыптының көкөніс өсіруіне тыйым салынған. Билік өкілдері тыйымның себебін көкөністердің ұсқынсыздығымен түсіндірген. Бағынбаған жағдайда жұбайларға күніне 50 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынатыны ескертілген. Ерлі-зайыптының билік өкілдеріне бағынып, көкөністерді жоюына тура келген.
Көкөністерді жойғанға дейінгі аула көрінісі