Тест: Мінездің жасырын белгілері
5 қыздың бірін таңда!
1. Егер бірінші қыз ең әдемі болып көрінсе, сен өте сенімді және теңдестірілген адамсың. Кедергілер саған проблема емес, өйткені сен бәрінің шешімін таба білесің. Сондықтан жаңа сын-қатерлерді батыл қабылдап, кез-келген жұмысты жан-жақты жасайсың.
Сендегі сенімділік пен ерік-жігер тағдыр тосынсыйларына тойтарыс беруге әбден қауқарлы. Оның үстіне сен өте шыдамды адамсың, соның арқасында басқалар жете бермейтін жетістіктерге жетесің.
2. Екінші қызды таңдайтыын қыздар достыққа ерекше адал жандар. Сен адамдармен тез танысып, араласып кете аласың. Бұл жерде сенің аңғалдығың мен аңқаулығың да басым рөл ойнайды. Солай бола тұра сен ойнақы, досшыл қалпыңнан таймайсың.
Бәрімен қуанып, жалғыздықта қайғырғанды ұнатасың. Сен үнемі қуанышты болып көрінгеніңмен, сенің тарапыңа айтылған ауыр сөз сені қатты ренжітуі мүмкін.
3. Үшінші қызды таңдауға әсіресе ұяң, қарапайым қыздар бейім. Сен үшін басқаларға оңай ашылу қиын, ол үшін біраз уақытты талап етесің. Жоспарларыңның өзгеруі сені қатты алаңдатуы мүмкін, себебі сен үнемі уақытпен үндестікте болғанды ұнатасың. Жоспарыңның кенеттен өзгеруі сені қатты абыржытуы мүмкін.
Ішіңнен сен жақсы және көп ұрыс-керіске жол бермейтін адамсың. Оның үстіне сен басқалардың ойы мен пікіріне құрметпен қарайсың. Ішіңде ұзақ кек сақтамайсың. Тіпті ең нашар әрекет жасаған адамға да ақтау тауып отырасың. Өзгелерге жаман болмауы үшін, өзіңе жамандық жасауың мүмкін.
4. Бұл қызды таңдасаң сен өзіңді-өзің керемет ұстайтын жансың. Сен кез келген мәселеге тік қарайсың. Қатты қайғыруыңа жол бермейсің. Өз мақсаттарың мен армандарыңның орындалатынына кәміл сенгендіктен анша-мұнша қиындықтарды көзге іле бермейсің.
Сен өз-өзіңмен үндестікте өмір сүре білетін, намысқой адамсың. сонымен қатар, басқалар дөптегеніңе кедергі жасағанда да қатты алаңдамайтн жайбарақат адамсың. Сені басқалары суық адам деп ойлауы мүмкін, алайда саған қарсы достық қадам жасаған адамға көмектесуге дайынсың.
5. Бесінші қызды тәуелсіз, өз дегенінде тұратын қыздар таңдайды. Өз-өзін жақсы көре біледі және өз-өзімен жұмыс жасай біледі. Өзін қанша жерден жақсы адамдар қоршағанымен де, көмек сұрай бермейді. Кез келген жетістікке өз күшімен жеткенді ұнатады.
Олар өте қырсық жандар, оларды райынан қайтару мүмкін емес. Жаңа ортамен танысу, қатынасу саған қиынға соғады. Алайда сенің ендігі жерде жақының болып үлгерген жандарға қолыңнан келген көмегіңді аямайсың.