Әлемдегі ең ұзын баспалдақ

Oinet.kz 21-10-2019 1188

1390039272_10-e1497163493764.jpg

Көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатына шығу үшін әдетте лифтті пайдаланамыз. Ал егер сол лифт істен шығып, жаяу көтерілу туралы ойлап көріңізші. Ойлағанның өзінен шаршайсыз ә? Баспалдақпен көтерілу қиынның қиыны секілді көрінеді. Алайда сіздің ол қиындығыңыз төмендегі мәліметтен соң түк болмай қалады. Себебі баспалдақтың көкесі сіздің жоғарғы қабаттағы үйіңізге көтерілер баспалдақтан әлдеқайда ұзақ болмақ.

Әлемдегі ең ұзын баспалдақ Швейцариядағы Низзен тауында орналасқан. Тауға көтерілетін баспалдақтың ұзындығы 3,5 км-ді құрайды. Оны бағындыру көптің арманы. Алайда ол арман жылына тек бір рет қана жүзеге асуы мүмкін. Себебі оған сәйір айы мен қараша аралығында ғана рұқсат етіледі.

Әлемдегі ең кішкентай теңіз
Әлемдегі ең кішкентай мысық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу