Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Авраам Линкольн президент болған шағына дейін мүлде сақал қоймаған. Ол болмысы арық, өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін болды. 1860 жылы 15 қазан күні Линкольн Нью-Йорк штатындағы вэстленд қалашығынан 11 жасар Грейс Бедел есімді қыздан хат алады. Хатта кішкентай қыз блай деп жазады:
«Менің отбасымда кәмелеттік жасқа толып қойған 4 ағам бар, олардың біреуі сайлау кезінде міндетті түрде дауысын сізге береді. Ал егер сіз сақал қоятын болсаңыз мен қалған ағаларымды да сізге дауыс беруге көндіремін. Себебі сіз сақалмен сіз толыққанды көрінесіз, ал сақалсыз сіздің бетіңіз өте арық. Оның үстіне әйелдерге сақалды кісілер ұнайды. Ал әйелдерге ұнасаңыз, олар да өз күйеулері мен ағаларын сізге дауыс беруге көндіретін болады.»
19 қазан күні Линкольн кішкентай қызға жауап қайтарады.
- Мен бұрын-соңды сақал өсіргенім жоқ. Енді келіп сақал өсіре бастасам, бәрі мені ақымақ көрмей ме?, - деп жауап хат жолдайды.
Алайда, президент расымен де қыздың айтқанын жасап, өзіне сақал қояды да, 1860 жылдың 6 өарашасында президенттік сайлауда жеңіске жетіп, 52 жасында ол АҚШ-тың 16-президенті атанады.
Президент Иллинойстен Вашингтонға көшкен кезде, Линкольн Вестлэнд қалашығында өзінің ұлықтау сөзін айту мақсатында тоқтайды. Қойылым бастамас бұрын, ол қатысушылардың арасында Грейс есімді қыз бар ма деп сұрады. Қатсушылар арасында ФГрейс расымен де бар болып шығады. Грейсті президент ортаға шығарып, бәрінің көзінше осы қыздың арқасында президент атанғанын айтады.