Қол неге ылғи салқын болады?

Oinet.kz 02-08-2019 3169

ҚОЛ.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Кез келген ауа-райына қарамастан қолдарыңыз үнемі мұздап, сұп-суық болып жүре ме? Бұл Рейно ауруының симптомдары болуы мүмкін. Рейно синдромына шалдыққандардың қолдары жылуға қыздырынған кезде бозарып, көгеріп, кейде қып-қызыл болып кетеді. Бір қызығы аталмыш синдром тұқым қуалайды екен. 

Ғалымдардың айтуынша ауруға ерлерден гөрі әйелдер, әсіресе жасөспірім шағында көбірек шалдығады екен. «Мұздай қолдың» негізгі себептері мыналар: жүйкенің сыр беруі, қолдың жарақат алуы, күйзелістің қайта-қайта қайталануы, қан қысымына дәрі-дәрмек пен никотиннің кері әсері. Әдетте Рейно «иелері» суыққа шыққанда вазоспазмға душар болады. Яғни, қантамырлары қатты қысылады. Мамандар синдромның аса қауіпті емес екенін алға тартады. Әйтсе де олардың суықта әсіресе саусақтары тез  үсігіш келеді. Сондықтан күн салқында міндетті түрде қолғап киіп жүруге кеңес береді.   


Емізулі ана тұмауратса не істеу керек?
Ара шағып алса не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу