Емізулі ана тұмауратса не істеу керек?
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Емшектегі сәби үшін тұмауға қарсы ең жақсы вакцина – ол анасының сүті. Егер әйел тұмауратып қалса, нәрестені емізбеуге болмайды. Себебі, баланы тамақтандыру кезінде ананың сүтінен сәбиге антиденелер жіберіледі. Сондықтан, бала ешқашан анасынан тұмау жұқтырмайды. Сол себепті тұмауратып қалсаңыз емшектегі сәбиіңізді омыраудан ажыратудың қажеті жоқ.