Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Серотонин – біз білетін «бақыт гормоны». Бұл гормон қажетті деңгейде бөлінбесе, адамның күйзеліске ұшырау қаупі артады. Алғаш рет серотонинді 1935 жылы Витторио Эрспамер асқазан-ішектің сілекейлі қабығынан тапқан болатын. Ұзақ уақыт бойына оны адреналиннен ажырата алмай қиналған екен. Кейін оның бөлек гормон екені 1953 жылы америкалық нейрофизиологтар Ирвин Пейдж және Бетти Твэрэг мидан тапқаннан кейін ғана белгілі болды.
Көптеген мамандар адамдарда кездесетін эмоциямен байланысты мәселелердің мидағы осы заттың бұзылуымен байланыстырады. Күйзеліс, мазасыздық жағдайында серотонинге әсер ететін препараттар тағайындалады. Есірткі де сол секілді, тек олар адамдағы тәуелділікті оятып, одан да күшті әсер береді.