Ара шағып алса не істеу керек?

Oinet.kz 02-08-2019 1931

 Screenshot_10.jpg

Ызыңдаған кішкентай ғана жәндік арадан бәріміз қорқамыз. Себебі, денеңді дуылдатып жіберетін инесінен қорғанамыз. Бала күнімізде ара шағып алса ата-анамыз «ештеңе етпейді, қайта қыста ауырмайтын боласың», деп жиі айтушы еді. Халық айтса, қалт айтпайды. Расымен де араның шаққаны - шипа. Бұл медицинада да дәлелденген теория. Араны шақтыру арқылы емдеу медицинада апитерапия деп аталады. Мамандардың айтуынша, араның уымен емделу арқылы көптеген ауру түрлерінен айығуға болады. Апитерапияның құрамына араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт кіреді. Ал ара уының құрамында адам ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер мен аминқышқылдары және милитин бар. Арамен емдеу кезінде милитиннің құрамындағы 12 аминқышқылы, оның ішінде серотонин мен  гистамин ферменттері қан құрамына өтіп қабынуға қарсы әсер етеді. Адам ағзасында кездеспейтін кейбір  бейорганикалық қышқылдарды ара уынан алуға болады. У ағзаның ауруға қарсы иммунитетін күшейтеді. Жалпы, ара уы көптеген ауруға, оның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан жарасы, холецистит секілді ауруларға бірден бір ем. Бұдан өзге гинекологиялық, тыныс жолдары және осы секілді өзге де  сырқат түрлерін емдеуге болады. Тек ескеретін жайт, бір күнде 12 арадан артық шақтыруға болмайды. Мөлшері тым көп болса уланып қалу қаупі бар.

Ара - өте еңбекқор жәндік. Сондықтан оның уы адам өмірін ұзартуға ықпалы бар. Егер сізді ара шағып алса, одан шошынудың қажеті жоқ, керісінше ем болатынына сеніңіз.

Алма ҚАНАҒАТҚЫЗЫ,

Қызылорда облысы

Қол неге ылғи салқын болады?
Етті шикідей жесе не болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу