Етті шикідей жесе не болады?
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
38 жастағы қытайлықтың ішегінен хирургтар 6 метрлік өгіз таспа құртын алып шықты. Іші ауырып ауруханаға түскен пациенттің УДЗ нәтижесін көргенде дәрігерлер құрттың 6 метрге дейін өсіп кеткенін анықтаған. Аталмыш инфекцияға шалдыққан ер кісі етті шикідей жеуді ұнатқан екен. Нәтижесінде оның ішегінде құрттар өсе берген.
Бірнеше сағатқа осзылған күрделі ота кезінде науқастың ішегі тазаланған. Операциядан кейін пациент өзін әлдеқайда жеңіл сезінгенін айыпты. Мамандар өгіз таспа құрты адам ішегінде жылдар бойы өмір сүретінін анықтаған. Құрт өсу барысында ешқандай ауырлық сезімін тудырмайды екен.