Бактериялар қанша жыл тіршілік етеді?

Oinet.kz 31-07-2019 1207

    bakteriyalar.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Шотландиялық зерттеушілер бактерияның оқшау қалыпта қанша уақыт өмір сүре алатынын, қандай да бір өзгеріске ұшырайтынын зерттеуге кірісті. Ерекше жоба 2014 басталған, 2514 жылы аяқтаулы тиіс.  ғанынан нәтиже шығару.    Зерттеу барысында бактерияның қандай түрлері ұзаққа шыдайтынын, қандай түрлері тез жойылатынын да назарға алмақ.  Тәжірибе үшін шөп таяқшасын (Bacillus subtilis) таңдаған. Бұл бактериялар кез келген қауіпті жағдайларға төзімді болып келеді екен. Таңдалған бактерияны ауа кірмейтін әйнек құтыда сақтап келеді. Бастапқы 24 жылда бактерияны 2 жылда бір рет ашып бақылап көреді. Кейіннен 25 жылда бір рет қана ашып зерттемек. Бактерия салынған бір қорап құты Эдинбург университетінде, екіншісі Лондон жаратылыстану мұражайында сақталып келеді. Жуырда зерттеушілер тәжірибенің алғашқы нәтижелерін жариялады. Бактерия өмір сүру бейімдігін еш жоғалтпаған.

 


Бүйрек үшін ең қауіпті тағам не?
Адамға қауіп қайдан келеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу