Адамға қауіп қайдан келеді?

Oinet.kz 31-07-2019 1136

mnature1.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы жер бетіндегі адамдар денсаулығына ең көп қауіп қайдан келетіні жайлы хабарлады. Ең бірінші орында ауаның ластануы тұр.

Атмосфераның бұзылуы адам денсаулығына аса қауіпті. Осының салдарынан жылына 7 миллионға жуық адам көз жұмады екен. Екінші орынға сусамыр, жүрек-қантамырлары дерті мен қауіпті ісік аурулары орналасқан. Бұл дерттердің пайда болуына темекі тарту, қимыл-қозғалыстың аз болуы, ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау және ауаның ластануы басты себеп. Жылына 41 миллион адам аталған аурулардың салдарынан ажал құшады екен. Биыл адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін деген дерттердің қатарына пандемия тұмауын қосқан. Одан кейін адамдардың ауыр тұрмыстық жағдайы да қауіптер қатарында. Себебі жыл сайын жер бетінде ашаршылық, құрғақшылық, әскери қақтығыстар мен көші-қоннан миллиондаған адам денсаулығына зиян келіп, көз жұмады.


Бактериялар қанша жыл тіршілік етеді?
Дүйсенбі неге ауыр күн?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу