Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отбасы – шағын мемлекет. Ал шаңырақ көтерсеңіз мемлекетіңіздегі бала санын қашан көбейтетініңіз туралы алдын ала жоспарлау керексіз. От басын жоспарлау – бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі-зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін сәбилердің уақытымен, санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі қоғамыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып келуіне күмәндіміз. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы – болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық және тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі.
Жалпы айтқанда, отбасын жоспарлаудың негізгі мақсаты – ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс. Егер әйелде қандайда бір созылмалы ауру болған жағдайда емдеп, гинекологқа қаралып жыныс жолымен берілетін инфекцияларға анализ тапсырған дұрыс. Болашақ аналарға арналған дәрумендерді қабылдауды ұсынуы және ішу себебін түсіндіріп айтуы мүмкін. Болашақ ана зиянды әдеттерден бас тартқаны жөн. Сонымен қатар, жоғардағы айтылғаны ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы маңызды.
Балаларды туу үшін қолайлы жас – 20 мен 30 жас аралығы. Туу аралығының ұзақтығы кем дегенде 2-2,5 жас болуы керек. Бұл әйелдің келесі туғанына дейін күш жинауына мүмкіншілік береді, өзінің және келешектегі туатын балаларының денсаулығын сақтайды. Сақтандыру әдісін таңдау оңай шаруа емес, оны дәрігермен біріге кеңесе отырып шешкен дұрыс. Түсіктің қандай түрі болмасын, бұл үлкен қауіп, келешекте әйел бала туа алмауы мүмкін.
Бұл бағытта Сайрам аудандық орталық ауруханасына қарасты әйелдер кеңесі бөлімінде 11 акушер-гинеколог және 2 ультра дыбысты зерделеу (УДЗ) дәрігері жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге амбулаториялық көмек көрсетеді.
Әйелдер кеңесі бөлімінде жүктілігі бойынша 2253 жүкті әйел есепте тұрады. Жүктілік дамығаннан бастап 12 аптаға дейін есепке алынады, тіркеледі. Әр жүкті әйелге жеке жүктілікті жүргізу жоспары белгіленеді, жүктілік кезінде ана және ұрық жағынан мүмкін болатын асқынуларды алдын алу үшін профилактикалық ем шаралар қолданылады. Әр жүкті әйел білікті психолог кеңесін алады. 12 аптада, 18-20 апта 6 күнде, 30-31апта 6 күнде УДЗ скринингтен өтеді. 10 апта 6 күн мен 13 апта 6 күн аралығында әрбір әйел дәрігер генетик кеңесіне жолданып, генетикалық биохимиялық скринингтен өтеді. Экстрагенетикалық аурулары бар жүкті әйелдер мамандар кеңесіне жолданады, жоғарғы топтағы әйелдер № 2 облыстық перинаталдық орталығының консультация диагностикалық бөліміне жолданып, босану деңгейі анықталады. Жүктілік кезінде УДЗ скринингтен ұрықта туа пайда болған ақаулар анықталса, қосымша № 1 облыстық перинаталдық орталығының МГК мамандар кенесіне жолданып, ҚР ДСМ №122 бұйрығына сәйкес 20 аптаға дейін жүктілікті үзу ұсынылады.
Бүгінгі таңға дейін 2021 жылы Сайрам аудандық орталық ауруханасында 2523 әйел босанған. Босанғаннан кейінгі кезеңде аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігер бірлесіп контрацепция жөнінде кеңес беріледі. Көрсетілімдеріне қарай ЖІТ, гормональды таблеткалар, мүшеқап ұсынылады.
Бүгінде Сайрам аудандық орталық ауруханасына тіркелген туу жасындағы әйелдер саны – 31446. 14540 әйел ЭГЗ (экстрагениталдық аурушаңдық) бойынша есепке алынған. Соның ішінде 51,2 пайызы контрацепциямен қамтылған.
Ш.УБАЙДУЛЛАЕВ,
Сайрам аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала жұмысы бойынша орынбасары