Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау бала тууды шектеу деген түсінікті білдірді. Бірақ, отбасын жоспарлау армандап күткен, дені сау баланы дүниеге келтіру үшін еркек пен әйел денсаулығын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.
Репродуктивтік денсаулық – адамның ұрпақ әкелетін дене мүшеле-рінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуес¬¬тілігі-қоғамымыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып ке¬луіне ке¬реғар процес.
Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тас¬¬тауы болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Әсіресе бірінші жүктілікті алғызып тастаса, одан кейін балалы болмай қалуы, яғни бедеулікке алып келу фактілерінің орын алуы мүм¬кін. Жасанды түсік жасату арқылы жарық дүниеге ұмтылған нәрес¬тенің өмірін үзу – адам өлтірумен тең.
Жоспарланбаған жүктіліктен ананың уызы мен әкенің мейірімін сезіну құқығынан ерте айырылған тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі. Тастанды баланың ата-анасының кім екенін білмеуі, туған отбасында өмір сүру құқығынан айырылуы психологиялық тұрғыдан үлкен дерт. Ба¬лалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 16 пайызы тұл жетімдер болса, 84 пайызы әлеу¬меттік жетімдер, яғни ата-анасы тірі балалар. Бұл балалар¬дың тағдырын олардың ұрпақтары қайталаса, қоғамда тастанды ба¬лалар¬дың саны көбейе бермек.
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы еліміз бойынша алдыңғылардың қатарында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылды қорытындылап, биылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 көрсеткіштің 18-і бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қоғамдық денсаулық басқармасы үйлестіруімен ең бірінші кезекте ана мен бала саулығы нығайтуға басымдық берілген.
Шардара аудандық орталық ауруханасында ұдайы «Отбасын жос-пар¬лау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында гинеколог маманның жас аналарға кеңесі өткізілді. Гинеколог бейнематериалдар мен слайдтарды қолдана оты¬рып, репродуктивті денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылы¬ғына, оның гигиеналық талаптарына, ағзадағы горманалдық өзге¬рістер, жос-парланбаған жүктіліктен сақтануда контрацептивті препарат¬тарға қарағанда табиғи жолының тиімділігіне, жасанды түсік тастаудың ағ¬заға тигізер зардаптарына, болашақ отбасын жоспарлаудың мәніне те¬рең тоқталып өтеді.
Отбасын жоспарлауды репродуктивті денсаулыққа аса көңіл бөліп, аудандық медициналық мамандарымен бірлесе отырып, шешулеріңізді сұранамыз.
Айжан ХАЛЫҚОВА,
Шардара аудандық орталық ауруханасы, Әйелдер кеңесінің меңгерушісі