Тері күтіміне арналған дәрі-дәрмектер

Oinet.kz 04-06-2020 3638

Әйел жаратылысы қиын құбылыс. Оның әр басқан қадамы ерекше әрі сымбатты болуы тиіс. Сыртқы мүсінімен қатар сұлулығы ерекше назар аудартатын аруларымыз бет күтіміне де айрықша көңіл  бөлгені дұрыс. Ол үшін қымбат сұлулық салондары мен қомақты қаржыны құрайтын дәрі-дәрмек алып күтім жасадуың қажеті жоқ. Күнделікті тұрмыста дәрілік қобдишаңызда кезігетін дәрі-дәрмектер сіздің бет күтіміңізге таптырмас көмекші бола алады. 

1521105359_image_l.jpg

  Мырыш жақпасы (цинковая мазь)

  Мырыш жақпасы беттегі бөртпелермен күресудің ең тиімді тәсілі. Оны кез келген дәріханадан арзан бағада сатып ала аласыз. Аталмыш өнімді жатар алдында бет теріңізге жақсаңыз, таңертең адам сенгісіз көрініске тап боласыз. Майлы бет терісінің иелері мырыш қоспасын мырыш-салицилді қоспасымен алмастыра алады. Мырыш-салицилді қоспасы майлы теріні құрғату қабілетіне ие, бірақ ол тері тесігін бітеп тастай алмайды. Алайда, оның мырыш қоспасынан ешбір айырмашылығы жоқ.  

  Ретинол жақпасы

  Ретинол А дәрумені теріде пайда болатын әжімнен қорғайтын бірден бір қолжетімді зат. Ол сіздің күнделікті қолданатын медициналық маскаңыз бен креміңіздің орнын баса алатын пайдалы жақпа. Ретинол терінің жасаруына және беттегі безеулермен күресуге көмектеседі. Ескерте кететін жайт, ретинолды тек қана түнде пайдаланыңыз. Егер оны жағып, күндіз далаға шықсаңыз ультракүлгін сәуленің әсерінен бетіңізде дақтар пайда болуы мүмкін. 

  Аспирин

  Аспирин кез келген медициналық сөмкеде табыла кететін дәрі. Алайда, оның бас ауруынан бөлек беттегі қабынулар мен безеудің пайда болуына қарсы тұра алатындығынан хабарыңыз бар ма? Аспириннің бір таблеткасын ұнтақтап, қаймақ қосып, араластырыңыз. Дайын болған кремді бетіңізге жағып, он бес минут ұстаңыз. Бетті жуып болғаннан кейін керемет нәтижеге қол жеткізгендігіңізді байқайсыз. 

  Қырмызыгүл тұнбалары 

  Бұл безеуден арылудың ең тиімді әдісі. Календула тұнбаларының құрамында спирт болғандықтан оны күнделікті қолданбағаныңыз жөн. Үш күн сайын жағып отырсаңыз жеткілікті. Өнімді сумен араластырып, таңертең және кешкілік жақсаңыз керемет нәтиже аласыз. Оны қолданғанан соң ылғалдандырғыш затты пайдалануды ұмытпаңыз. Себебі, қырмызыгүл тұнбаларының бетті құрғатып жіберу қаупі басымырақ. 

Үшеуі біреуінде

Стрептоцид, левомитицин және қырмызыгүл тұнбалары. Егер сіздің теріңізге жедел көмек қажет болса осы үш дәрі-дәрмектің қосындысын пайдаланыңыз. Бір таблетка стрептоцидті, левомицетин және жарты қасық  тұнбаны қосып, сұйық болғанша араластырыңыз. Дайын болған тұнбаны бетіңізге жұқалатып жағып, түні бойы бетіңізде қалдырыңыз. Таңертең оянғанда ерекше әсерде боласыз. Дәрілік өсімдік тұнбалары бар антибиотик бір түнде теріңізді толықтай тазартады.

  Е витамині

  Е дәрумені шаштың өсуін жеделдетуде және нығайтуда маңызды орын алады. Тіпті ол бет күтімінде де таптырмас құрал болып саналады. «Токоферол» деп аталатын дәріні алып, оны капсуладан шығарып, одан алынған сұйықтықты бет терісіне жағыңыз. Ол таңертең бетті сергітіп, қайталанбас реңкке бөлейді. Оны үнемі қолдану терідегі әжімдерді кетіріп, жасартады.  

  Мия тамыры

  Мия тамыры терінің артық пигментациясына ие арулар үшін таптырмас құрал. Бала күнімізде жөтелге қарсы пайдаланған дәрі дақтар мен әжімнен қорғайды. Оның бет терісіне қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ. 

  Трамболин (бадяга) 

  Сұлулық салондарында қолданылатын қымбат пилингтердің құрамында көбінесе осы аталған бадяга өнімі жиі кездеседі. Себебі, оның құрамы табиғи өсімдіктер мен ылғалдылыққа бай. Оны тек сұлулық салондарынан ғана емес, дәріханалардан да таба аласыз. Қоданар алдында трамболинді барынша сұйылтыңыз. Егер ол қою болса бетті күйдіріп жіберу қаупі басым. Дайын болған сұйық қоспаны бетіңізге жағып, бес-он минуттан кейін жуып тастаңыз. Аталмыш қоспаны қолданғаннан кейін бетіңіз қызарады. Сондықтан  оны демалыс күндері, сыртқа шықпайтын уақыттарда пайдаланғаныңыз жөн. Қызару басылғаннан кейін, бетіңізден ерекше әсерді байқайсыз. Өлі жасушалар жойылып, теріні таза әрі балғын етеді. Сондай-ақ, терінің өңі сау болады және бітелген тері тесігі тазартылады. Есіңізде болсын: масканы шектен тыс пайдаланбағаныңыз абзал. Себебі, бетіңізді күйік шалуы мүмкін. 

  АЕвит

  АЕвит препаратының құрамында әжімдермен жақсы күресетін А және Е дәрумендері бар. Е витаминінің капсуласын тесіп, оны бет теріңізге жағыңыз. Аталмыш масканы екі апта сайын жағып тұрыңыз. Нәтижесінде бет теріңіздің әжімдерден тегістеліп, тазарғанын байқайсыз. 

  Солкосерил

  Солкосерил мазі теріде пайда болған жараларды емдеуге арналған құрал. Оны безеуге қарсы да қолдана аласыз. Солкосерил терінің қалпына келтіру процесін жеңілдетіп, антиоксидант ретінде әрекет етеді және теріні оттегімен қамтамасыз етеді. Солкосерил маскасын аптасына бір рет қолдансаңыз жеткілікті. Бұл қоспа бетіңіздегі қабыну мен безеудің алдын алады.  

  Аскорбин қышқылы

  Аскорбин қышқылы тәбетті жақсартып, суықтың алдын алып қана қоймай, безеуді емдейтін құрал ретінде пайдаланылады. Дәріханадан аскорбин қышқылының таблетка немесе ұнтақ түрін сатып алыңыз. Оны минералды сумен араластырып, бетіңізді сүртіңіз. Егер оны түнде жақсаңыз ол тері тесігін бітейді және бетіңізді майлылықтан сақтайды. 

Нұр ЖІГЕРЛІ

Әйелдер көп ауырады
Көзәйнек пен линза вирустан қорғай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу