Көзәйнек пен линза вирустан қорғай ма?
Пандемия кезінде көзге линза тағуға болады дейді шетелдік ғалымдар. COVID-19 инфекциясы линзадан жұғады деген еш ғылыми дерек жоқ. Ал көзәйнек не линзаның қайсысын таққан жөн – ол дәрігердің кеңесі мен адамның қалауына байланысты.
Көзәйнек коронавирустан қорғайды деген – жай сөз. Оны дәлелдейтін ешқандай ғылыми дерек пен зерттеу жоқ. Сондай-ақ ғалымдар коронавирус жұқтырғандарға линзаның орнына уақытша көзәйнек таға тұрғаны жақсы дейді. Аурудан айыққаннан кейін жаңа линза алып тақсаңыз болады. Ескі линза мен футлярдың көзін құртыңыз.