Жатыр мойны обырының алдын алуға болады

Oinet.kz 04-06-2020 1122

Құрметті әйелдер,  гинекологтың тексерісінен үздіксіз өтіп отырған жағдайда, жатыр мойны обырын тоқтатуға болады. Бұл онкологиялық аурудың үздіксіз тексерістен өту арқылы жазылуға болатын жалғыз түрі. 30-дан 70 жасқа дейінгі барлық әйелдер өздерінің емханаларында жатыр мойны обырына тексерілу үшін тегін скринингтен өте алады. Арнайы қарау бөлмелерінде әйелдерден онкоцитология үшін (pap-test) жағынды алынады. Егер жағынды қалыпты болса, онда келесі скринингті 4 жылдан кейін өтуге болады. Ал, егер жағындының нәтижесі қанағаттанарлықсыз болса, онда ол обыр алды жағдай болып саналады. Бұндай жағдайда, әйел онкогинекологқа және басқа да мамандарға одан әрі тексерілу үшін жіберіледі. Қазақстан ТМД-дағы халық үшін тегін скрининг жүргізілетін жалғыз мемлекет. Қазақстан ДДҰ-ның мүшесі болып табылады және жатыр мойны обырын алдын-алу, диагностикалау және емдеу бойынша барлық ұсыныстарды орындайды. Жатыр мойны обыры жатыр мойыны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік.

жатыр-мойны-қатерлі-ісігі-3.jpg

Қатерлі ісік деген не?

Қатерлі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер мүшелерді түзеді. Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Егер сізде төмендегі белгілер байқалса;

Жатыр обыры көбінесе менопаузадан кейін дамиды. Бірақ ол менопауза кезінде де дами беруі мүмкін. Қынаптан потологиялық қанды бөліндінің шығуы жатыр обырырының барынша кең таралған симптомы болып табылады. Қан кету аздаған қан араласқан сулы бөлінді түрінде басталады. Содан қанды түрі қоюлана түседі. Бұдан кейін «менопаузадан мұншалықты қан кетпеу керек еді ғой» деген күмәнмен текеріліп көргеніңіз дұрыс.

Әйелдерде төменде көрсетілген симптомдардың ішінара болмасын бірі кездессе, дәрігерге хабарласуы керек:

• Қынаптан әдеттегіден тыс қан мен бөлінділер шықса; 

• Зәр шығарған кезде қиналу, ауру сезімдері болады; 

• Жыныстық қатынас кезінде ауру сезімдері мазалайды;

 • Шапта ауру сезімі болып жүреді.

Көрсетілген симптомдар қатерлі ісіктің процессін туындатады немесе басқа да күрделі мәселелердің болғанын меңзейді. Дегенмен ондай жағдайдың бәрі бірдей қатерлі ісіктен бола мермейді, бірақ нақты, сенімді диагнозды дәрігер ғана қоя алады, сол себепті осы белгілер байқалса гинеколог маманына тексерілген дұрыс. 

Естеріңізде болсын! Жатыр мойны обырын алдын алуға және емдеуге де болады тек уақытылы тексерістен (скринингтен) өтіп тұру керек.

Г. КҮЗЕНБЕКОВА,  Ұ.ӘБТІХАН,  

№ 6 Қалалық емханасының Әйелдер көру бөлім акушерлері

Антиперспирант қолдану зиян ба?
Жасанды ұйқы безін ойлап тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу