Жасанды ұйқы безін ойлап тапты

Oinet.kz 04-06-2020 1060

Канаданың Монреал қаласындағы Макгилла университетінің ғалымдары 1-типтегі диабет дертіне шалдыққандарға көмектесетін, ұйқы безінің қызметін реттеуге мүмкіндік беретін жаңа жасанды ұйқы безін жасап шығарды.

image.png

Ғылыми жаңалықты Diabetes Care журналы таныстырды. Жасанды ұйқы безі деп отырғанымыз – жасанды инсулин сорғы (помпа). Оның жасалғанына 30 жылдай уақыт болған. Мұндай портативті құрылғыны диабетпен ауыратын адамдар қолданады, ағзаға жетпей жатқан инсулинді қанға жіберуге көмектеседі. Кейбір науқастар қандағы глюкозаны автоматты түрде реттеп отыратын датчик ұстап жүреді. Бірақ мұның өзі кей науқастарға көмектесе алмай жатыр. Көбі гипергликемияға түсіп кетеді. Яғни, басы ауырып, мең-зең болып жүреді. Басы айналып, әлсіреп кетеді. Тілі шайналып қалуы да мүмкін кейбірінің.

Ал науқастарды мұндай дерттен құтқарудың жолын іздеген канада ғалымдары глюкоза мөлшерін реттеп отыратын арнайы «ақылды» инсулин сорғы ойлап тапқан. Макгелла университетінің ғалымдары глюкоза мөлшерін хабарлап отыратын арнайы датчик пен оған қажетті инсулин горманын жіберіп отыратын құрылғыны қосып бір аппарат жасап шыққан.

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады
Темекі түбіңе жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу