Антиперспирант қолдану зиян ба?

Oinet.kz 04-06-2020 1319

Адам денесінің ең тершең бөлігі – қолтық. Қолтықасты бездерінің басты қызметі – тер арқылы ағзаны тазарту. Бүгінде көршілік антиперспирант пен дезодорант себу арқылы қолтықтың терлеуін тоқтатып жатады. Мұның зиянды тұстары да бар.

image.png

Антиперспирант қолтықасты безіне сіңіп қолтықасты безінің бүрлерінің аузын жауып, бітеп тастайды да тер ақпайтын болады. Бұдан қолтықасты безі қызметі бұзылып, тер кері қарай денеге жайылады. Ал тер құрамындағы жоғарыда атап өткен зиянды қоспалар сыртқа шыға алмай ағзаны бүлдіреді. Әсіресе омыртқа бойына, жауырын астына, арқа буындарына, мойын және бас сүйегінің бұлшық еттері мен буындарына тарайды. Арқаға тұз жиналу, жауырын жабысу, мойын құрысу негізінен қолтықтан ақпай қалған тердің салдарынан деуге болады. Одан қала берді қолтықтың қан айналымы бұзылып, жағымсыз иістер шыға бастайды. Әйел адамдарда қолтықтан сыртқа шықпаған тер омырауға дейін таралады да, сүт безін зақымдайды. Тердің құрамындағы тұз бен токсин жинала-жинала тасқа айналып, сүт безі ісігі – мастопатияның туындауына алып келеді. Мұндай ісіктердің асқынуы онкологиялық дерттерге алып баруы мүмкін. Ең дұрысы жарнамаларда «24 сағат бойына әрекет етеді» делінетін антиперспирант пен дезодорантты қолданудың мөлшерін біліп, гигена талаптарын орындап жүру қажет. 

Обырдан опық жемес үшін…
Жатыр мойны обырының алдын алуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу