Суықта ми жұмысы жақсарады
Қыс мезгілін көпшілігіміз ұната қоймасақ та ақ мамыққа оранатын мезгілдің денсаулыққа пайдасы бар. Біріншіден: қыста ұйқы қанады. Бұл мезгілде бөлме қараңғы әрі суықтау болса жақсы тынығасыз. Екіншіден: арықтайсыз. Ағза суып кетпес үшін қыста майды энергияға жылдамырақ айналдырады. Сондықтан жаздан гөрі қыста саябақта жүгіру тиімді. Cell Metabolism журналында жарияланған зерттеу бойынша, суықта 15 минут жаттығу залда 1 сағат жаттыққандай нәтиже береді екен. Үшіндінен: мидың жұмысы жақсара түседі. Суық дұрыс ойлануға көмектеседі: температура төмен болған кезде адамдар тапсырмаларды жақсырақ шеше бастайды. Сондықтан кеңседе қандай да бір тапсырманы орындай алмай отсаңыз, аз уақытқа болсын далаға шығып келіңіз.