Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.
Коронавирустан қалай сақтану керек?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
• Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
• Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
• Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
• Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
• Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
• Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
• Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
• Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
• Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
• Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
• Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
• Бөлмені жиі желдетіңіз;
• Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
• Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
• Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
• Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Профилактикалық 5 шара
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
• қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
• қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
• көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
• науқас адамдармен байланысқа түспеу;
• салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?
Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:
• Үйден шықпаңыз;
• Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;
• Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда, маска киюді ұмытпаңыз;
• Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;
• Қолыңызды жиі дезинфекциялаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;
• Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;
• Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;
• Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.
14 күндік карантинге жатқызылған адам ол аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.
"Мифтерге сенбеңіз!"
Жаңа вирустық инфекциялар таралғанда әдетте күмәнді, жалған ақпарат таралады. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус жайында танымал мифтердің жалғандығын хабарлады:
• Қытайдан келген пошта қауіпті емес – хаттар мен сәлемдемелерден жаңа коронавирус жұқтырып алуға болмайды;
• Үй жануарлары, мысықтар мен иттер Covid-2019 жұқтырушысы емес. Оған ешқандай ғылыми дәлел жоқ;
• Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғамайды. Оған арнайы екпе қажет, оны дәл қазір ғалымдар әзірлеуде;
• Сарымсақ, күнжіт майы, ауыз шаюға арналған сұйықтық немесе мұрынға арналған тұз ертіндісі вирусқа қарсы көмектесетініне еш дәлел жоқ;
• Антибиотик коронавирусты емдеуге көмектеспейді. Егер вирус бактериялық инфекцияға әкелсе, дәрігеріңіз антибиотик тағайындауы мүмкін, себебі анибиотик бактериялық инфекцияны емдейді. Бірақ, ол коронавирустан емделуге көмектеспейді;
• Коронавирустың алдын алатын не емдейтін дәрілер жоқ. Ғалымдар қазір сондай препаратты әзірлеумен айналысуда.
Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі.
Г.БАЙМАМУТОВА, Түркістан облысының ҚДБ «Облыстық фтизиопульманология орталығы» ШЖҚ МКК эпидемиологы