Адам қай жаста қартаяды?
Қарттық кезең адам өміріне үш айналып соғады екен. Мұны жуырда Стэнфорд университеті ғалымдары зерттеп шығыпты. Ғалымдар 18 бен 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан құрамындағы ақуыз мөлшерін өлшеген. Нәтижесінде жасқа байланысты әртүрлі болатынын анықтаған. Осы арқылы үш кезеңге бөлген. Біріншісі – 34 жас, одан кейін 60 жас және 78 жас. Аталған жас кезінде адам ағзасында айтарлықтай өзгерістер болады екен. Бұл жаңалық – әр жаста болатын ауру түрлерінің алдын алуға да көмек болмақ. Сондай-ақ адамдарға психологиялық тұрғыдан дайын болуды да ескертеді.