Түшкірудің чемпионы
Жер бетіндегі ең ұзақ түшкірудің рекорды Донна Гриффитске тиесілі.
Англиялық тұрғын бұл ауруға 12 жасында ұшыраған. Ол 1981 жылдың қаңтар айында түшкіруді бастайды. Бұл процесс бақандай 977 күнге созылып, 1983 жылы аяқталады. Алғашқы жылы қыз бала миллион рет, яғни шамамен минутына екі рет түшкіріп отырған. Ал екінші, үшінші жылдары оның түшкіру интервалы үдей түскен.