Бульдың қателігі

Oinet.kz 03-06-2020 777

Ұзақ уақыт бойы тарих оқулығында неандерталдық адамдардың бейнесі бүкір болып бейнеленіп келген. Кейіннен ғалымдар неандерталдықтардың бүкір емес тік жүретін тайпа болғанын анықтайды. Сонда қателік кімнен кетті?

image.png

1908 жылы  француз палеонтологы Марселлин Буль қазба жұмыстары кезінде табылған адам сүйегіне қарап  неандерталдықтың бейнесін жасап шығарады. Оның  зерттеуі бойынша    неандерталдықтар әлі тік жүріп қалыптаспаған адамдар. Бульдың салған суреті осылайша ғылымға еніп, оқулықтарға басылады.

Алайда бірнеше жылдан соң өзге оқымыстылар Марселиннің жұмысын қайта зерттеп, үлкен қателікті табады. Шын мәнінде  неандерталдықтар тік жүретін болған. Ал Бульдың қолына түскен  сүйек яғни адам артритпен ауырған екен. Дерттің салдарынан қисайған сүйек ғалымды осылайша адастырыпты.

Адам қай жаста қартаяды?
Ақпарат ағынынан мидың жұмысы бұзылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу