Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
Өкпе – адам дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Алмасу- яғни алыс-беріс. Психологиялық тұрғысынан алатын болсақ, өкпесі ауыратындарға қарап ол адамның толыққанды өмір сүруге құлшынысының жоқ екендігін және үреймен өмір сүретінін байқауға болады. Аталған мүшесіне зақым келгендер сыртқы ортаны ашық қабылдамай, өкпе-ренішті ішке жинағаны айқын. Мәселен, сізге өмірден қажеттінің барын алуға бірдеңе кедергі сияқты болады. Өзіңізде ашылып қоршаған ортаға, жұртқа пайдаңызды тигізуден қашқақтайсыз. Қандай да бір ой кеудеңізге тығылып, еркін тыныс алуыңызға мүмкіндік бермейді.
Пневмания( өкпе қабынуы), құрт ауры (туберкулез), рак (қатерлі ісік) – бұл өмір сүргісі келмеген адамның ішкі түйсігінің сыртқа шығуының белгісі деп айтса да болады. Өкпенің қабынуына ұзақ уақыт бойына торығып, өмірден жиі түңіліп жүретін жағдайлары әкеледі. Күйзелістен пайда болған жан жарасы да оңайлықпен жазыла қоймайды.
Бронхит – (бронх қабынуы) бұл адамның ашу-ызасы мен наразылығын ашып айта алмағаннан пайда болады. Мәселен отбасында өте мазасыз ахуал. Ондай үйде үндестік деген болмайды. Күнде ұрыс-керіс, айқай-шу, балағаттау болған жанұяда тыныштық қайдан болсын?! Ал балалар отбасындағы аураны, тәрбиені бойға тез сіңіреді. Сондықтан мұндай үйдің бүлдіршіндері тыныс алу жолдарының қабынуына жиі ұшырайды.
Жөтел – бұл адамның сыртқы ортаға өзінің бар екенін айқайлап білдіріп, жұрттың назарын өзіне аударғысы келетінін көрсетеді: «Маған қараңдар!Тыңдаңдар мені!- деген сияқты. Әрбір адам өзінің пікірін дер кезінде білдіріп, ішіне сақтамай үйренсе, мұншалықты «жарылмас» еді. Жүрексінбей, тайсалмай ойды айтудың еш артықтығы жоқ.
Тамақтың қырылдауы, тұншығу – өмірге деген сенімсіздік. Қорқыныш пен үрей тыныс алу жолдарының түйілуіне әкеп соғады.
Демікпе (астма) –демікпеге шалдыққандардың жылауы сирек. Олар ешқашан еңіреп көз жасын төкпейді. Демікпе – бұл жиналып қалған өксік. Оның пайда болуына бала кезде анасымен арадағы жанжал және келіспеушілік жағдайдың сол күйі шешілмей түйін болып қалуы себеп. Өзіңіз түсініп отырғандай демікпе - айтылмай қалған, мойындата алмаған әрекеттердің, ойдың шығар жерін таппай белгі берген көрінісі. Сіз оны жылдар бойы іште сақтап тұншықтырдыңыз. Ол сыртқа шыққысы келген сәтте сіз қызбалыққа салынып, жарылуға шақ қаласыз. Олай болса демікпесі ұстаған кезде адамның өзін қалай ұстайтынын бақылайықшы немесе еске түсірейік. Ол өздігінен тыныс ала алмайды. Оған сыртқы көмек аса қажет. Өздігінен тыныс алуына құқығы жоқ екеніне (демек өмір сүре алмайтынына) көзі жеткен.
Байқасаңыз демікпеге шалдыққандардың жағдайы тауда және теңіз жағасында жақсарады. Олар өздерін тауға шыққанда жоғары, теңіз маңында таза сезінеді. Табиғат аясы оны тығылған өксігінен, ауыр ойларынан тазартады.
Туберкулез (құрт ауруы) – туберкулез ауруына бірінші кезекте күйзеліс, қайғы-мұң, жабырқау көңіл-күйі әкеледі. Жылдар бойы жиналған өкпе-реніш, өзгелерге, өмірге, тағдырына риза болмау адамның кең тыныс алуына кедергі болады. Мұндай жандар өмірді қабылдай алмайды немесе қабылдағысы келмейді. Олар толыққанды өмір сүрмейді. Дәрігерлер құрт ауруына шалдыққандарға ең бірінші қандай кеңес береді? Таза ауамен тыныстау және жақсы яғни құнарлы тамақтану.
Көптеген адамдар күйзеліске түсіп, үнемі жабырқап жүреді. Олардың өмірі мағынасыз, қызықсыз. Олар өздерін бақытсыз сезінеді. Бірақ әр адамның өмірі өз қолында емес пе?! Жалпы адамдар күйзелісті қолдан жасайды. Олардың өмірінде жағымды жәйттер көп болғанымен, бір қызығы жәйсіз жағдайларды жиі еске алады.
Егерде сіз өміріңізді жақсы жағына өзгерткіңіз келсе бәрін өз қолыңызға алыңыз. Алдымен «Менің өмірімді қуанышты, бақытты ететін не нәрсе?», деп анықтап алған жөн. Бұлыңғыр ойлардан арылып, жарқын сәттерге жол ашыңыз. Сонда ғана сіз ауырмай, жаңа өмір бастайсыз. Барлығы өз қолыңызда!
Г.Сапаралиева №2 ШҚЕ психологы