Алкогольді тұтыну туралы

Oinet.kz 26-05-2020 1147

Дүние жүзінде болып жатқан қылмыстарға алкогольдің әсері орасан. Медицина  арақтың зияндылығын  ғылыммен дәлелдеуден кенде емес.

Ішімдіктің ең қатерлісі — әйел мен еркек бойындағы ұрыққа зиянды әсері болып табылмақ. Дүниеге дені сау, салауатты өмір салтына бейім бала келуі үшін алкогольмен күресті қоғам болып жүргізуіміз керек.  

Врачи рассказали, как алкоголь влияет на коронавирус — Ferra.ru

Алкогольді  тұтыну ауру  және  жарақатпен  байланысты  денсаулықтың  бұзылуының 200 ден  астам түрінің себепті факторы болып табылады.      

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері  бойынша алкоголь  әлемде ауру  мен мезгілсіз өлім-жітімнің үшінші  жетекші  себебі болып  табылады.  Әлемде алкогольді  шамадан  тыс  тұтынудың  нәтижесінде 3,3 миллион  өлім – жітім  оқиғасы болады.

Ішімдіктің зияны

Алкоголь адам ағзасына үш түрлі әсер етеді: эйфориялық, уытты және есірткі түрде. Біріншісі – жағымды және босаңсытатын, екіншісі – ішкі ағзалардың қайтымсыз ауруына әкелетін өткір және созылмалы улану, ал үшіншісі – адамның ерік-жігері мен жан-дүниесін алатын есірткіге тәуелділік.

Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – маскүнемдіктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда психологиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Соның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды.

Ішімдікке тәуелділікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар, олар - алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру, ішімдікке әуестік әдетті жойып, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру, аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Сонымен қатар, маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары мен наркологиялық диспансерлер бар.

Елімізде алкогольды ішімдіктерді ішудің алдын алуға бағытталған «Сау болу өмір қалпы» ұлттық бағдарламасы қолға алынған. Негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын алкогольды ішімдіктерді ішудің алдын алуға аудару, ішімдіктің жағымсыз зардаптары туралы ақпарат беру және оны тұтынуға азаматтардың теріс көзқарасын қалыптастыру. Бағдарлама аясында Түркістан  облысындағы медицина мекемелерінде ішімдіктің алдын-алу шаралары ұйымдастырылып келеді.

Тыныс алу ауруларының психологиялық себептері
Ж.Досқалиев:10 мәйіттің ағзасы 50 қазақстандықтың өмірін ұзартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу