Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазақстанда мәйіттік донор мәселесі оңынан шешіліп келеді. Бұрындары мәйіттік донор десе шошитын халықтың көзқарасы жақсы жаққа өзгеруде. Оған өткен жылы 10 мәйіттің ағзасы 50 қазақстандықтың өмірін ұзартқаны дәлел бола алады. Мұндай ақпаратты жақында жұртқа Халық денсаулығы кодексінің жаңа нұсқасы талқылауға арналған кеңесте белгілі хирург Жақсылық Досқалиев жеткізді.
«Бүгінде елімізде 2800-ден астам адам бүйрек транслантациясын қажет етеді. Олардың саны күннен-күнге көбейе түсуде. Оған жете алмай дүниеден озып жатқандары да бар. Бауыр трансплантациясын күтіп отырған адам саны 500-ге жуықтайды. Жүрекке 110 адам, өкпеге 15 шақты адам тәуелді болып отыр. Бұл науқастардың өзі ғана емес жанындағы отбасы, туған-туыстары күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып отырғанын түсінуіміз керек. Біз оларға көмек көрсетуге дайынбыз. Үкімет тарапынан барлығы, қаражаты да дайын тұр. Енді заң жүзінде қабылдасақ, алға қарай ілгерілер едік», — дейді хирург.
Оның айтуынша, Қазақстанда ағзаны тірі адамнан да, мәйіттен де алуға болады. Бірақ, ағза салынатын адамның организмімен толық сай келуі тиіс.
«Осы жылдың 11 айында 10 мәйіттен ағза алынды. Әр мәйіттен 5 мүшеден алынып, 50 адамның өмірі ұзарды. Мұны ары қарай дамытуымыз керек. Бізде адам өлгеннен кейін оның ағзасы жер қойнына толық жерленуі тиіс деген түсінік бар. Меніңше, бұл қате ұғым. Көп болса жер астында сол мәйіт 5 жылдай ғана болып, одан кейін бұзылады. Тек сүйегі қалады. Соны түсінуіміз қажет», — деді ол.
Жақсылық Досқалиевтің дерегінше, әлемде дамыған елдердің ішінде Испанияда ағза транспланталогиясы біршама жақсы дамыған.
«Бұл елде бір миллион адамға 14, бізде 0,06 адам ғана. Яғни, жоқтың қасы. Ал елімізде 4 мыңнан астам адам ағза трансплантациясына мұқтаж болып отыр», — деді Ж.Досқалиев.