Қант диабеті қауіпті ауру
Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қант диабеті инсулинге тәуелді және тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді.
Аурудың ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді
Қант диабеті тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.
Қант диабетінің негізгі факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.
Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
- Ауру қатты екпінді басталады.
- Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
- Асқынуға бейімді. Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.
Қант ауруының алдын алу
Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан аурудың алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.
Сусамырдың алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
Дені сау болу – бұл адамның табиғи ұмтылысы.