Күйзеліс - бала миының құрылысын бұзады
Ерте жаста ми клеткалары тез және көп мөлшерде өсуге қабілетті. Алғашқы жылдары баланың алатын қамқорлық сапасына қарай сәйкесінше мидың архитектурасы қалыптасады.
Ерте жаста мидың дамуы оның кейінгі жылдары және ересек кезіндегі жағдайын, денсаулығын, тәртібін, эмоциясын, күйзеліске төзімділігін, үйренуге, оқуға қабілеттілігін анықтайды. Баланың ерте дамуына көмек көрсету оларды құқығын іске асырады, әр баланың өмір сүруіне бірдей мүмкіндік бере отырып, шындықты орнатып, теңсіздікті жояды. Ерте жаста кейінгі өмірдің негізі қаланады.
Өзінің әлеуетін (потенциалын) жетілдіру үшін балаға жақсыкөрушілік, бауырбасушылық және көңіл аудару, қауіпсіз және ынталандыратын орта, жақсы тамақтану, жақсы медициналық көмек көрсету, ойнауға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндігінің болуы қажет. Мұндай күтім баланың миының дамуына ұзақ әсер етеді.
Ерте алған оң қарым-қатынас тәжірибесі сау ми архитектурасын қалыптастырады, ерте алған теріс тәжірибе - миды бұзады.
Күйзеліс- кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Эмоциялық күйзелістік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп төнген жағдайда, шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшықеттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, яғни ерте жастағы баланың миындағы нейрон аралық өсінділердің бір-біріне жанасуына кері әсерін тигізеді. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Ерте жастағы балаларда күйзелістің үш түрін қарастыруға болады:
1.Позитивті күйзеліс - гормон деңгейінің қысқа мерзімді және шамалы көтерілуі. Дені сау болып өсудің маңызды және қажетті аспектісі, тұрақты және жақсы қарым-қатынаста болады. Балада егер бөтен адаммен кездескенде, ұялшақ болғанда немесе екпе алғанда позитивті күйзеліс болуы мүмкін.
2.Төзерлік күйзеліс. Ми және ағзаның басқа да жүйелеріне тым ұзақ және қатты әсер етуі. Ағзаны бұзушы әсерін жұмсартатын қолдаушы қарым-қатынас бар. Бала қатты ауырғанда немесе жақын адамы қайтыс болғанда, қорқынышты жарақат алғанда, ата-анасы ажырасқанда, табиғат апаты болған жағдайларда төзімді күйзеліске ұшырауы мүмкін. Төзімді күйзеліс шектеулі уақытта болады, ол миды талқандайтын (бұзатын) салдардан мидың тыңаюына мүмкіндік береді, қолдаушы қарым-қатынас, эмоционалды буфер оны жұмсартады.
3.Улағыш күйзеліс. Қолдаушы қарым-қатынас түрінде қорғаныстың болмауынан, күйзеліске жауап беру жүйесінің ұзақ белсенді болуы. Физикалық және эмоционалдық күш көрсету, ұзақ уақыт қамқорлықтың болмауы, анасында ауыр депрессия, отбасы мүшелерінде депрессия сияқты психикалық аурулардың болуы, ата-анасы нашақор және т.б., отбасында күш көрсету - токсикалық күйзеліс көзі болып табылады. Ерте жаста токсикалық күйзелістің болуы мидың құрылысын бұзады, өмір бойы оқуда, тәрбиесінде, физикалық және психикалық саулығында проблема болады. Ойлану қабілеті бұзылуы мүмкін және эмоциясын басқара алмайды. Токсикалық күйзеліс тудыратын факторлар белгілі бір гендердің кірісуіне немесе сөнуіне алып келетінін генетикалық зерттеулер дәлелдеді. Бұл баланың дамуына ғана әсер етіп қоймайды келесі ұрпаққа беріледі.
Өмірінің ерте кезеңінде күйзеліске душар болған адамдар кейін күйзеліске реакциясын азайту және күйзелісті басқару қабілетін жояды. Өмірінің ерте кезеңінде жеткіліксіз қамқорлық, жеткіліксіз тәрбие көрген ересек адамдарда күйзелісті шақырған жағдайдан кейін, ұзақ уақыт күйзеліс гормонының тұрақты деңгейі сақталады (олардың күйзеліске төзімі төмен).
Ерте алған оң тәжірибенің сау ми архитектурасын құрайтыны сияқты ерте алған қолайсыз күйзеліс оны әлсіретеді.
Ерте жастағы балалардың күйзелістен шығу жолдары:
1. Ерте жастағы балаға әрқашанда қамқорлық, жақсы көрушілік көрсете отырып, баланы еркелетіп құшақтап сүю, суға шомылдыру, суда ойнау, жастықпен ұрғалап ойнау.
2. Баламен жағымды әуендер тыңдау, би билеу, жоғарғы көңіл күйде болу, сурет салу, баламен бірге ән айту, кітап оқу және оны талқылау
3. Баламен ойнау, ойынның соңы жақсылықпен аяқталу, ойыншық көмегімен балаға дұрыс немесе бұрыстығын айту.
Г.Кулажанова, Түркістан жоғары медицина колледжі