Инсульт дегеніміз не?
Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульт алған адамдардың 80 пайызға жуығы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25 пайызға жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.
Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан болады, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.
1. Ишемиялық инсульт. Инсульттің бұл түрі ми инфаркты деп те аталады. Бұл ауру көбіне 50-60 жастан жоғары адамдарда пайда болады. Ишемиялық инсульт инсульттің басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі әрі оқиғалардың 80 пайызы болады. Ишемиялық инсульттің себептері ми жасушаларына оттегін жеткізуге жауап беретін артериялар бойынша қан жүруінің бұзылуымен байланысты ми қабырғалары тарылады немесе бітеліп қалады.
2. Миішілік қан құйылу. Инсульттің бұл түрі кейіндеу пайда болған, шамамен орташа жас мөлшері 45-55 жас және мидағы қан ағысы бұзылуының барлық түрлерінің 10 иайызға жуығын құрайды. Қан құйылудың пайда болуының негізгі себебі гипертониялық ауру болып табылады. Осы патологияға әкеп соғатын басқа аурулар – атеросклероз, жүрек-қан тамыры жүйесіне әсер ететін қабыну процестері болып табылады.
3. Субарахноидалды қан құйылу. Ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын бас миы мен оның қабығы арасында пайда болған гематомалар. Бұл 30-60 жастағы адамдарда пайда болатын инсульттардың ішіндегі ең жасы боп саналады. Ауру себептері негізінен зиянды әдеттер (темекі тарту, ішімдікті ұзақ пайдалану немесе ішімдікті үлкен мөлшерде бір-ақ рет қолдану). Инсультқа себепкер артық салмақ, артериялық гипертензия болуы мүмкін. Ол аяқ астынан немесе бас сүйек-ми жарақаты нәтижесінде пайда болады. Инсульттің осы түрінің себепшісі шамадан тыс физикалық жүктеме болуы мүмкін, мысалы, ауыр затты көтеру, қан қысымының көтерілуімен байланысты жүйкеге күш түсу. Субарахноидалды қан құйылудың аневризма және оның қасындағы құрылымдардың (көз қарашығының ұлғаюы – көзді қозғап тұратын нервті аневризманың басып тұруы) қысымымен шақырылатын симптомдары болады. Симптомдар инсультқа дейін 2-3 аптада білінеді.
Геморрагиялық инсульт диагностикасы. Егер қалыпсыз жағдайды дер кезінде байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Ол люмбальді функция немесе компьютерлік томография көмегімен Сізге диагноз қояды. Осы шара аневризманың орналасқан жерін уақытында анықтауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Диагностика жасау үшін кейде магнитті-резонансты томографияға және компьютерлік томографияға жүгінеді, сол арқылы гематоманың орналасқан жерін анықтауға болады.
Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.
1. Жалпы ми симптомдары:
- жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы;
- ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу;
- есін жоғалту және бұзылу;
- бас айналу;
- кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту;
- жүрек қағысы;
- тершеңдік және ыстықты сезіну.
Г.АЖБЕНОВА,
№2 ҚЕ дәрігері