Қайтарымы әп-сәтте болады деп ойламадым
13-09-2022
Денені жерден көтеру жаттығуларын (отжимания) 10-ға дейін де жасай алмайтын адамдарға қарағанда, дәл осы жаттығуды 40-тан да көп жасайтын орта жастағы денсаулығы жақсы ер адамдар жүрек аурулары мен жүрек жетіспеушілігіне шалдықпайды.
Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің мамандары 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі 10 жылдық зерттеу барысында 1104 өрт сөндірушінің денсаулық жағдайын саралаған. Зерттеу басында ғалымдар өрт сөндірушілердің еденнен кеуде көтеруін және жүгіру жолындағы субмаксималды жүктемені орындаудағы төзімділігін тексерді. Кейін 10 жыл бойы әр адам жыл сайын физикалық жүктемелерден емтихандар мен сынақтардан өтіп тұрды. Жиналған мәліметтер бойынша, кеудені жерден көтеру жаттығуын 40-тан да көп жасай алатын ерлерде, аталмыш жаттығуды 10-ға дейін де жаса алмайтын адамдармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі 96 пайызға дейін төмен болған екен.