Ақшадан ауру тарайды

Oinet.kz 27-07-2018 656

Менингит пен туберкулез сияқты аса қауіпті жұқпалы дертті таратушы бактериялар адамдар арасында қағаз ақша арқылы да тарайды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова айтты. 

Screenshot_26.jpg

«Ақша – қолдың кірі» деген тегін айтылмаса керек, күнкөрісте өзіміз пайдаланып жүрген банкноттарда бактерия мен жұқпалы дерт қоздырушылар көптеп табылады. Ал неғұрлым ескі ақшада соғұрлым бактерия көп болады екен. Мамандар дәлледегендей, бір қағаз ақшаның өзінде 500-ден аса микроағза кездеседі. Онымен қоймай, банкноттағы бактериялар аса өміршең болады. Ақшаның осындай қаупі туралы алматылық дәрігерлер халыққа ескерту жасады.

– Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары. Бацилла, стрептококк, ішек таяқшасы… Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялар осылар", — дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова.

Күнделікті гигиенаның сақталмауы салдарынан көзімізге көрінбейтін қауіпті заттар адам организміне еніп, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы әбден мүмкін екен. Өйткені ақшаны мекеніне айналдырған қауіпті микроағзалар адамға фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сияқты ауруларды жұқтыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Тырысқақ (холера) ауруынан қалай сақтануға болады?
Что такое вакцинация и для чего она нужна?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу