Нәрестелерде кездесетін сарғаю
Көп жағдайда жаңа туылған нәрестелерде сарғаю алғашқы 3 тәулік ішінде пайда болады. Бұл сарғаю физиологиялық болғандықтан, емдеуді қажет етпейді.
Сарғаюдың қауіптілігі: егер қанда бос (тура емес) билирубин жоғарылайтын болса, онда билирубинді энцефалопатия (ядролық сарғаю) дамуы мүмкін. Билирубинді энцефалопатия тек қана жаңа туылған балаларда ғана кездеседі және баланың ақыл-ойының кемтарлығына, балалардың церебральді мүгедектігіне (ДЦП) әкеледі. Билирубиннің токсикалық әсерінің ми тініне ықпалына және гипербилирубинемияның ұзақтығына байланысты.
Сарғаю – бұл терінің немесе шырышты қабаттың билирубин әсерінен сарғаюы. Ол гипербилирубинемияға байланысты. Жетіліп туылған балаларда – жалпы билирубин 70 мкмоль/л, ал шала туылған балаларда – 50 мкмоль/л жоғарылағанда есептеледі.
Жаңа туылған балалардағы физиологиялық сарғаю немесе транзиторлық сарғаю деп те аталады. Физиологиялық гипербилирубинемия барлық жаңа туылған балаларда өмірінің алғашқы күндері дамиды. Ал терісінің сарғаюы жетіліп туылған балалардың 60% және шала туылған балалардың 80% кездеседі. Сарғаю баланың өмірінің 2-3 күнінде, тура емес билирубиннің концентрациясы жетіліп туылған балалардың 51-60 мкмоль/л, ал шала туылған балалардың 85-103 мкмоль/л жеткенде пайда болады.
Физиологиялық сарғаю осы кездегі билирубиннің метаболизмінің ерекшелігіне байланысты:
- Босану барысында эритроциттердің лақтырылуының жоғарылуы;
- Жоғары фетальды гемоглобин;
- Босанудан кейін оның тез бұзылуы;
- Бауырдағы конъюгирленген ферменттің дефициті.
Физиологиялық сарғаюдың негізгі клиникалық сипаттамасы:
- Туылғаннан соң 48 сағаттан кейін, кейде 2 тәул пайда болады;
- Билирубиннің жоғарылауы, ядролық сарғаюдың себебі болуы мүмкін;
- Жаңа туылған баланың жағдайы өзгермейді.
Физиологиялық сарғаю уақытша екі фазадан өтеді. Бірінші фаза туылғаннан кейін алғашқы 5 күнде болады және бос билирубиннің тез жоғарылауымен түсіндіріледі. Екінші фаза тура емес билирубиннің төмендеуімен, 11-14 күні (50 мкмоль/л төмен) қалыпты болатын, кейде 1 айға дейін созылады. Ол баланың тамақтануына және жетілуіне байланысты.
Физиологиялық сарғаю кезінде бірінші болып бет сарғаяды, кейін мойын, дене, ең соңында аяқ-қолдар. Ал сарғаюдың қайтуы керісінше жүреді: алдымен аяқ ұштары, кейін дене, ең соңында бет.
Физиологиялық сарғаюдың күшеюі және оның ұзаққа созылуы ана сүтінің жетпеуіне, сүт құрамына байланысты болуы мүмкін. Әртүрлі себептерге байланысты ана сүтімен емізу дұрыс ұйымдастырылмаса, онда сарғаю болады. Баланың өмірінің алғашқы күндері бала тек қана ана сүтімен тамақтанады, әдетте аз мөлшерде сұйықтық, негізі сүт ішеді, осының әсерінен билирубин мөлшері 4-5 тәулікте жоғарылайды. Сарғаюдың алдын алу үшін күндіз де түнде де, баланың қалауына байланысты емізу керек.
Емізу кезінде пайда болатын сарғаю патология болып саналмайды, ол баланың организмінің сүт құрамындағы майға байланысты және келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- пайда болады немесе тез жоғарылайды, бала жеткілікті мөлшерде ана сүтімен емізілетін болса (3-7 тәулік);
- тура емес билирубин мөлшері 184 мкмоль/л жоғары бірақ 360 мкмоль/л аспайды;
- емізу тоқтатылса (24-48 сағат) билирубин мөлшері бірден төмендеп сарғаю азаяды;
- егер бала емізілуі жалғасатын болса сарғаю 4-6 аптаға созылады, кейін біртіндеп төмендей бастайды. Тура емес билирубин қалыптыға 12-16 аптада сәйкес келеді.
Физикалық сарғаюдан басқа жаңа туылған балада патологиялық сарғаю болуы мүмкін. Патологиялық сарғаю кезінде келесі белгілер болады:
- туыла сала болады немесе алғашқы тәулікте пайда болады;
- гемолиздің белгілерімен қосыла жүреді, бозару, спленомегалия;
- жетіліп туылған балаларда, 1 аптаға ал шала туылған балаларда 2 аптаға дейін созылады;
- толқын тәрізді жүреді (тері жамылғысы мен шырышты қабаттардың сарғаюы сарғаю азайғаннан немесе жоғалғаннан кейін қайта пайда болады);
- жалпы билирубин мөлшері 85 мкмоль/л жоғары;
- тура емес билирубин мөлшері 220 мкмоль/л жоғары;
- тура билирубиннің максимальды мөлшері 34 мкмоль/л;
- нәрестенің жалпы жағдай қанағаттанарлық емес, билирубин мөлшеріне байланысты болмайды;
- түссіз нәжіс немесе зәрдің түсі қою.
Диагностика:
- фототерапияны жүргізуді бастау;
- жаңа туылған баланың және анасының резус-теріс немесе резус құрамын кіндік қанынан тобын және Кумбс сынамасын анықтайды;
- туылған бала О(1) резус-оң қан тобымен туылса, кіндік қанынан қан тобын және Кумбс сынамасын анықтайды;
- кіндік қанындағы жалпы билирубин мөлшерін анықтайды;
- гемоглобин, гематокрит, эритроцит, ретикулоцит, микроцит санын анықтау.
Сарғаюдың орналасуын Крамер шкаласы бойынша анықтау:
Билирубин мөлшері мен сарғаюдың ауырлық дәрежесіне әсер ететін қауіп факторлары:
- шала туылу;
- қан құйылу(кефалогематома, тері геморрагиялары);
- дұрыс емізбеу, жиі құсу;
- баланың дене салмағының бірден төмендеуі;
- генерализирленген инфекцияның болуы;
- анасы мен баласының қан топтарының сәйкес келмеуі резус-фактор;
- тұқымқуалайтын анемия немесе гемолитикалық аурулар.
Фототерапия процедурасы тура емес билирубин мөлшерін азайтуға болады. Оны медициналық мейірбике немесе дәрігер жүргізеді. Фототерапия көк немесе салқын ақ жарық әсерінен тері жамылғысында 2 мм тереңдікте химиялық реакция жүреді, нәтижесінде бос (тура емес) билирубин токсикалық емес формаға ауысады және қаннан ішек пен бүйрек арқылы шығарылады.
Ш.ҚАБЛАНОВА,
№2 ОҚО перинаталдық орталығы, нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күтім және сырқат бөлімшесінің аға медбикесі