Дұрыс тамақтану мен шынығу – сапалы өмір кепілі

Oinet.kz 09-12-2017 1346

Оңтүстік Қазақстанда Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Денсаулық жолы – 2017» ауқымды акциясының ашылу салтанаты өтті. Басқарманың Емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы А.Иманалина қатысып сәттілік тілеген іс-шарада терапевт, кардиолог, эндокринолог, онколог, педиатр, невропатолог мамандарынан құрылған мобильді медициналық бригадалар 14 аудан-қалаға аттанды.

Screenshot_13.jpg

Аталған мобильді медициналық бригадалар 7-11 тамыз күндері аралығында шалғайдағы ауылдар мен аудандар, қалалар тұрғындарына медициналық көмектер көрсету, дәрігерлік кеңестер беру, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыру, кеңірек түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және аурудың алдын алу шараларын жүргізеді. Олар сырқаты сыр беріп, дерті дендеген тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді.

– «Денсаулық жолы – 2017» кең ауқымды акциясының мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу болып табылады. Биылғы тұжырымдама бойынша, жұқпалы аурулардың, семіздіктің алдын алу мақсатында 4 бағыт бойынша мамандар облыс тұрғындарына көмек көрсетеді. Оларға қажетті мәліметтер, медициналық брошюралар таратылады, тегін консультациялар жүргізіледі, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Захиджан Рысметов.

Әлемде денсаулық сақтау саласына инфекциялық емес аурулардың таралуының және олар тудыратын қиындықтардың өсуіне мемлекет дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, темекі шегу мен ішімдікке салыну секілді қауіпті факторларды төмендету мен жоюға бағытталған басым стратегиялар қабылданған.  

Бірінші кезекте халықтың осал топтары арасында микронутриенттер, әсіресе темір мен йодтың жетіспеушілігіне байланысты мәселелер кеңінен таралған. Халықтың кейбір топтарына D дәрумені секілді басқа да микронутриенттердің жетіспейтін қиындықтары бар. Осыдан дұрыс және түрлі ас үлесінің қолжетімділігін қамту халықтың денсаулығы мен өмірінің сапасын арттыруда, сау қартаю мен денсаулыққа қатысты теңсіздікті шектеуге ықпал ететін маңызға ие. Оған қосымша тамақтануға қатысты сауаттылық, білім мен қабілетті арттыру үшін қабылданатын шаралардың рөлі зор. 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директоры орынбасарының айтуынша дұрыс тамақтану үшін күндіелікті тұтынатын тағам түрлерінде тәттіні, майды және тұзды шекті мөлшерден артық тұтыну ағзасына залал келтіреді. Адам күніне кемінде 400 грам жеміс пен көкөніс тұтынуы керек. Бірақ, бір тәулікте қолданылатын азық-түлікке қосылатын қант, бал, шәрбәт қосындыларын 10 пайыздан 5 пайызға дейін азайтқан абзал.  Сол секілді майлы ет, сарымай, пальма мен кокос майы, кілегей, ірімшік, шошқа майын 10 пайыздан аз, ал тұзды 5 граммнан аз тұтынған жөн. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектердің аптасына кемінде екі рет, жалпы алғанда 150 минут бұлшықеттерді нығайтатын жаттығулармен айналысуды ұсынады. Ал 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер күніне кемінде 60 минут дене белсенділігімен айналысқаны өздеріне пайдалырақ. Оның басты қозғалыс дағдылары белсенді ойындар, бос уақыттағы жаяу жүру, билеу, жаяу туризм мен велосипед тебу, спорт секілді әрекеттер мен құрылымдалған жаттығулар екен.

Қолдағы бар деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде дене белсенділігінің жеткіліксіздігінен адамдардың 5 пайызы жүректің коронарлық ауруына, 7 пайызы қант диабетіне, 9 пайызы сүт безі обырына, 10 пайызы тоқ ішек обырына шалдығады. Бұдан өзге дұрыс тамақтанбау мен қимыл-қозғалыстың аздығынан соңғы жылдары артық дене салмағы мен семіздік көрсеткіштері көп елдерде өскен. Бұл еңбекке қабілетсіздіктің артуымен қатар мезгілсіз өлім-жітімге де апарып соғуда.

Сондықтан бұл «Денсаулық жолы - 2017» ақпараттық-коммуникациялық науқанының басты назары инфекциялық емес аурулардың алдын алу үшін артық дене салмағы мен семіздіктің қаупін төмендету мақсатында дұрыс тамақтану мен жеткілікті дене белсенділігін насихаттауға бағытталады.

Жұмыртқаның жаңа қасиеті анықталды
Тек – ұлттық мінезде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу