Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Ұлттық тәрбие жоқ жерде, қазақтың салт-дәстүрі ұмытылған уақытта отбасында бала тәрбиесі ұлттық негізде қалай жүргізілсін? Мұндай отбасыдан шыққан азаматтан біз қандай қазақы ұстанымды талап етеміз? Бағзы қазақы отбасындағы түсініктерді, әдеп-ибаны олар қайдан білсін?
Әуелі мәңгүрт туралы. Оның тоқсан тоғыз түрі бар. Олардың ішінде қазақ деуге арланамын дейтіндері де табылады. Анатомиясы қазақ, психологиясы орыс. Екі мәңгүрт қосылып, үшінші мәңгүртті өмірге әкеліп жатыр. Қазіргілері, әйтеуір, тым сыпайы: «Сіздер бізді кешіріңіздер, әйелім де, өзім де қазақша білмейміз, сондықтан баламызды орысша мектепке бердік», – деп ақталатын болыпты. Телефонмен қазақ таныстарыма хабарласып, жал-жағдайын білейін деп «ассалаумағалайкум» десем, орысша тіл қатады.
Бағзы қазақтың лексиконынан ажырап барамыз. Мәселен, бір ғана төрт түлік малдың қазақ арасында қаншама атауы болған. Қазақы тамырымыздан ажырамадым, нағыз қазақпын деп кеуде соғатындарымыздың өзі әлгі атауды толық білмейміз. Ал, осыдан бірнеше ғасыр өмір кешкен біздің ата-бабаларымыз ол сөздерді білген еді. Мен мұны неге айтып отырмын? Біз ұлттық психологиядан ажырап барамыз. Ажырамауымыз керек. Ажырадық екен, бүгінгі қазақ қоғамынан, отбасынан қазақылықты іздеп, несіне жанталасамыз? Сондықтан отбасы болсын, басқа болсын, қазаққа тән мәселені қозғағанда, ол мәселелердің себебін ең әуелі ұлттың жанынан, психологиясынан іздеу керек дер едім. Шешімді де сол ұлттық психологияны сақтап қалудан таба аламыз. Қазақтың гені де, тегі де ұлттық психологияда жасырынған.
Құбығұл Жарықбаев,
Педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор