«Ағымда болу — тозақта болу»: Қазақстандық келіншек өзге ағымда 15 жыл қалай жүргенін айтып берді
Қазақстандық келіншек Алмара Қайратқызы Айгүл Орынбекке берген сұхбатында өзге ағымда қалай жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Келіншек сұхбат барысында 3 рет кездескен ер адаммен бірге тұрып, Египетке кету ойларында болғанын айтты. Ата-анасы қарсы болса да, ол өзге ағымдағы адамға тұрмысқа шыққан.
«3 жыл арамызда бала болған жоқ. Сол кезде шығып кетуге мүмкіндік болды, бірақ қолданбадым. «Тозақ, тозақ» деп сананы қорқытып тастағандықтан қорықтым. Тағдырыма көнемін, Мысырға бармайтынымды сеземін. 4 қабырғада отырамын. Арзан үй жалдап отырамыз. Әкем келеді де «сені осы үшін өсірдім бе» дейді. Ағымда болу — тозақта болу. Бірақ, түп санаңды улап тастағаннан кейін оны сезбейсің», — деді келіншек.