Берденов қызметінен кетуі мүмкін

Oinet.kz 28-08-2025 40

e28b87d8-554c-4f28-b0ca-ace820f8fcf3.jpg 

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі жұмысын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы кеше Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті. Оның айтуынша, Берденов еңбекке жарамсыздық парағын ашып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.

– деді Құранбе«Біздің мәліметіміз бойынша, Руслан Берденов, мүмкін, әкімдіктегі жұмысын аяқтауды шешкен. Мұндай жағдайда ол тиісті өтініш жазуы мүмкін. Бұл – әр адамның өз таңдауы мен қалауы. Әрине, ол денсаулығымен айналысуды шешкен сияқты. Алайда ресми түрде бұйрық шықпайынша, біз оны қала әкімінің орынбасары деп есептейміз», к Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еңбекке жарамсыздық парағы болған жағдайда азамат үш айға дейін аурухана парағында болуға құқылы. Кейін дәрігерлер бұл мерзімді тағы үш айға ұзартуы мүмкін. Тек 6 ай өткен соң ғана қызметкерге қатысты шаралар қолданылуы мүмкін.

«Берденов бұл мерзімнен әлі аспаған. Барлығы заң аясында», – деп толықтырды әкім орынбасары.

Құранбектің айтуынша, Берденовті жұмыстан босату туралы бұйрық әзірге шықпаған.

 

Дерекөзі: Информбюро


«Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы». Қасымбекова мен Сапарбековтің қай сасқаны?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу